Туған елім. тірегім/жалғасы - ел тарихын білесің бе? - құттықтау

Туған елім. тірегім/жалғасы - ел тарихын білесің бе?

Блиц турнир
 
                                                                 (Тұмар (Томирис)
     2.«Көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыр
                                                                (Құтылығұлы Күл -тегін)
     3.Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым
                                                                 (Әбу Насыр Әл -Фараби) 
     4.«Көмекей әулие» атанған қазақтың ұлы жырауы
                                                                 (Бұқар жырау)
     5. Қорқыт ата ескерткішінің қандай ерекшелігі бар?
                                                     (Ескерткіш жел соққанда қобыз
                                                       сарындас үн шығарады)
     6.Қазақ қобызының түп нұсқасын кім жасаған ? (Қорқыт ата)
 
      7.Штандарт дегеніміз не? (Мемлекеттің жоғары лауазым
                                                          иесінің ресми ажырату белгісі)
                                                         
      8.Ежелгі Баласағұн қаласында туған, Ортағасырлық ғалым, «Құтты білік» атты дидактикалық поэманың авторы?
                                                                 (Жүсіп Баласағұн)
           9.«Диуани лұғат ат -түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің
       авторы кім? (Махмұд Қашқари)
 
          10. «Тарихи Рашиди» кітабының авторы кім?  (Мұхаммед
                                                                               Хайдар Дулат)
     11. Еліміздегі ең биік тау шыңы (Хан тәңірі)
 
     12. Қазақстандағы ең ыстық жер (Қызылқұм шөлі)
 
     13.Қазақстанда сирек кездесетін дала қойы «муфлон»  қандай қорықта кездеседі?   (Үстірт қорығы)
 
      14. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің қаншасы біздің еліміздің кен қойнауында бар? (99)
 
      15. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл (Каспий)
 
     16. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады?   ( Ақсу – Жабағылы қорығы)
 
        17. Төбесінен бірден төрт ел – Қазақстан, Ресей, Қытай, Монғолия көрінетін тау жүйесі қалай аталады?                  (Қазақстандағы ең атақты тау – Алтайдағы Ақтау (Мұзтау, Белуха)
      18.Қазақстанның қандай өзендері суға сіңіп жоғалып кетеді?
                        (Шу, Сарысу, Талас т.б.)
 
      19.Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады?
    (Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз. Тораңғының жуандығы соншалық, бір- бірінің қолынан ұстап, жеті адам құшақтарына сыйғыза алады)
 
      20. Алматы апортының тұңғыш көшетін өсірген кім?
               (Егор Васильевич Редько)
      21. Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгманы (Эверест) бағындырған (8848 м.) қазақ альпинисі кім? (Қазбек Уәлиев)
 
      22. Аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?  (Талдықорған облысы,    
         Тентек өзені.)
 
      23. Қазақстан қалаларынан тұңғыш рет алтын медальға ие болған қаланы білесіз бе?
(Ақтау қаласы (Шевченко) Патрик Амберкромби атындағы алтын медаль. Архитекторлардың Халықаралық ассоциациясының ең жоғарғы құрмет белгісі)
 
    24. Тараз қаласының  ерте ортағасырлық аты ? (Янги)
    25. Тұңғыш мультфильм қашан жасалды, авторы кім? (Қазақ мультипикациялық киносының негізін қалаушы – суретші әрі режиссер Әмен Қайдаров. Ол «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан», «Қожанасыр – сәулетші» атты фильмдер жасады.)
 
      26. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? (Балуан Жақсылық Үшкемпіров)
 
      27. Қазақстанда ең бірінші футбол командасы қай жылы ұйымдастырылды? (1914 жылы Семейде «Жарыс» атты футбол командасы ұйымдастырылды. Осы команда құрамында заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ойнаған.)
      28. Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,
     Басқан, Сарқант)
      29. Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)
      30. Қазақтардың ежелгі рулық белгісі (таңба)
      31. «Қара сөздердің» авторы (Абай)
     32. Ғұндардың көсемі, аты аңызға айналған әскери қолбасшы? (Аттила)
     33. Отрар қаласының әміршісі (Қайырхан)
     34. Қазақ даласының музыкалық символы «Сарыарқа» күйінің авторы? (Кұрманғазы)
     35. Қазақстандағы теңіздер? (Каспий, Арал)
     36. Алтын жауынгердің (адам) аты? (Сүлей)
Ескерту: Блиц турнирде бұдан бұрын кітапхана қызметкерлері құрастырған «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры, шайқалмасын елдігімнің тұнығы», «Атамекен», «Қазақстанды таны» әдістемелік құралдарына енген сұрақтар қамтылмады. Сондықтан, кітапханалық шараларыңызға осы құралдарда берілген блиц-сұрақтарын да пайдалана аласыздар.
 
  Өткен жылдар жемісі
Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
         16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп жариялады.
1992-қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады
         4-маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.
         Қазақстан Республикасы БҰҰ мүшелігіне қабылданды.
         Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы.
         29-қыркүйек-Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының ашылуы.
1993- 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994- 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1995- 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды
            ақыл ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны-Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды.
1996- Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.
1997- «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.
1998- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.
          маусым- Елордамыз Астана қаласына көшірілді.
1999- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
2000- «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
           Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде тойланды.
2001- Тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
2002- «Денсаулық» жылы болды.
           8 тамыз – Елімізде «Балалар құқығы туралы» Заң қабылданды
2003- Ресейдегі Қазақстан жылы.
2004- Қазақстандағы Ресей жылы.
2003-2005- Ауыл жылдары.

Тәрбие сағаттарына материалдар » Соңғы қосылған дүниелер »