Әмин десең Алладан,Берсін дейік қол ұшын - құттықтау

Әмин десең Алладан,Берсін дейік қол ұшын

Әмин десең Алладан,

Берсін дейік қол ұшын.

Періштең кетпей айланып,

Жаман істен қорысын.

 

Пайғамбардың ақ жолын,

Қыдыр әкеп дарытсын,

Алтынды ерлі ақбоз ат,

Астыңда жүріп арысын.

 

Қиналғанда достарың        

Қасыңнан әр кез табылсын.

Береке сақтап ұлдарың,

Тату өтсін абысын.

 

Айналаңнан кетпесін,

Жақының мен алысың,,

Дастарқаның жиналмай,

Еселеп өссін табысың.

 

Саған біткен мал – басқа,

Қожай, Даурен дарысын.

Әмин, АллаҺу Әкбар!  


Ораза айт / Құрбан айт » Ресми мерекелерге »