Жан аға, өміріңнің өріндесің,Қарындас көңіліңнің - құттықтау

Жан аға, өміріңнің өріндесің,Қарындас көңіліңнің

Жан аға, өміріңнің өріндесің,

Қарындас көңіліңнің төріндесің.

Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ

Тағдырдың сындарында жеңілмесін.

 

Келеміз қиялардан күн кешіп те,

Бауырлық бал сезіммен үндесіп те.

Тербеткен анамыздан айналайын,

Үш ұл алты қызды бір бесікте.

 

Жақсы аға күнде шуақ жағар жанға,

Мерейім өсіп тұрар ағам барда.

Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,

Келесің жарық сыйлап адамдарға.

 

Ағаға ақ тілегім ақтарылсын,

Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.

Қарасай баба рухы қолдап әркез,

Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.

 

Шашамын жан нұрымды жарқылдатып,

Тілеймін саған әркез жарқын бақыт.

Ағаға арнап бауыр махаббатын,

Жүремін жүрегімді мен тулатып.

 

Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,

Атыңды асқақтатып ән сап жүрем.

Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,

Жан аға, періштеңдей қоршап жүрем.

 

Анарың – аялдаған асыл жарың,

Ұлдарың – ұлан асу, жасыл бағың.

Қайда деп қарындасым іздегенде,

Мен де әркез, асыл аға, қасыңдамын!


Туыстарға »