Елуге толған досымаҰялаған көңіліңнің төріне күн, - құттықтау

Елуге толған досымаҰялаған көңіліңнің төріне күн,

Елуге толған досыма

Ұялаған көңіліңнің төріне күн,

Әр сөзі әзілменен өрілетін.

Досымның аңқылдаған, жарқылдаған,

Жүрегі аузын ашса көрінетін.

 

Шағың бұл күй боп шалқып төгілетін,

Еңсең тік,

Есен жеттің елуге еркін.

Ағайын дос-жараның мәре-сәре,

Қырансың орындаған ердің сертін.

 

Мейірім шуақ таптым бір өзіңнен,

Ізгілік шамын жақтың жүрегіңмен.

Бойыңа асыл қасиет ағыл-тегіл,

Өзіңе зор денсаулық тіледім мен!


Досыма » Аралас »