Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетіж - құттықтау

Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетіж

Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті

жоғары қызметкер, болашағынан үлкен үміт күттіретін

білімді де білікті жас маман ретінде танимыз.

Қызыққа құштар, сұлулыққа іңкәр жастық шақтың

жалауын жықпай, жылуын мәңгі жоғалтпай,

ақ махаббат пен таза достықтың адалдығына сүйеніп,

еңбектің жемісі мен жеңісіне кенеліп,

мақсат-мұратыңызға мүдірмей, армандарыңызға

адаспай жетуіңізді тілейміз.

Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз,

өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын!


Кәсіби мерекелерге »