Туған күнге арналған ресми тілектер - құттықтау

Туған күнге арналған ресми тілектер

Жер-көкті қуаныш пен гүл шоғына орап, аңсай жеткен көктем күніндегі  туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Әріптестеріңіз өзіңізді іскер басшы, шебер ұйымдастырушы және ұлтжанды азамат ретінде  танып, құрметтейді.

Өйткені, бүгінде ынтымағы жараса, татулықты ту еткен сәулеті мен дәулеті тасыған  бас қаламыздың келбеті аз ғана уақыт ішінде ерекше нұрға бөленіп көркейе түсуі мен көлік саласындағы жетістіктерге жету жолында  үлкен ұйымдастырушылық және биік деңгейдегі біліктілік қабілеттеріңізді қашанда байқатып келесіз. Бұдан басқа да ұжымда жоғары талап қоя отырып, әрбір азаматтың жүрегіне жол тауып, үлкен адамгершілікпен түсіне білеріңіз өз алдына.

Сіздің қуанышыңызға ортақтаса отырып, алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі мен ................. дамыту жолында тартулы табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.


Кәсіби мерекелерге »