Құйрық сипайтын уақыт /Л.Ахмедияров - құттықтау

Құйрық сипайтын уақыт /Л.Ахмедияров

Құйрық сипайтын уақыт Осыдан бірнеше жыл бұрын бір құдалыққа бардым. Қыз жағынан бір сексенге жақындаған қария отырды. Дастархан басында көп отырған жоқ. Алғашқы шәйдан кейін кешірім сұрап, басқа бөлмеге демалуға кетті. Кешке қарай құдаларға тән әртүрлі – «төс қағыстыру», «сандық ашу», «құйрық-бауыр асату» сияқты дәстүрлер басталды. «Құйрық-бауыр асату» басталған кезде көрші бөлмеде демалып жатқан қария еске түсіп, ішіміздегі ең жасы кіші мен болғандықтан шақыруға жұмсады. Ақсақалды сыпайы қимылмен оята бастадым. Оянған ақсақал қарияға тән әдетпен: «Не болды?, - деп сұрады. «Сізді дастарханға шақыруға келдім». «Құйрық-бауыр» деген сөзді ұмытып есіме түсіре алмағаным бар емес пе?  «Құйрық бауыр жеуге» барыңыз,- дедім.  Ақсақал асықпай көзін бір сипап алып, қалтасынан ескі сағатын (сол кезде шамамен кешкі 10-ның кезі) алып маған қарап, «Айналайын, мынау құйрық жейтін уақыт емес, құйрық сипайтын уақыт болыпты ғой», - дегені. Л.Ахмедияров
Той-думан » Әзіл-қалжың »