Жастар тілегі Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан - құттықтау

Жастар тілегі Төлебаев Бағдәулет құрастырған "Ақ тілек" кітабынан

Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспіз.


Жүзіңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай  бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін!


Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай  өтіп жатқан әр жылыңыз жақсылыққа толсын.



Туған күнге тілектер » Жас дәурен (13-25) »