Сүндет той Тамада кітабынан - құттықтау

Сүндет той Тамада кітабынан

Бала, бала-бал ғұмыр,
Қуанышты мәңгі жыр.
Отырыпты сүндетке,
Жігіттіктің алды бұл.
 
Дәстүріміз бел алды,
Елдің ісі оңалады.
Өтеліпті парызы,
Жасалыпты жоралғы.
 
Құтты болсын сүндеті,
Ол-Мұхамет үмбеті.
Орындалды ойдағы,
Ата-ананың міндеті.
 
Мұсылмандық-иманың,
Екендігін біл, жаным.
Той жасапты ағайын,
Шашып барлық жиғанын.
 
Өмірдің бір белесі,
Мұсылмандық жөні осы.
Қуанып жүр әкесі
Көкке жетіп төбесі.
Аман-есен жетейік,
Тойларына келесі.
 

Дәстүрлі тойларға » Сүндет той »