80 жасқа тілек - құттықтау

80 жасқа тілек

Талайларды қуантар екпіні елдің,
Сексен деген жасы ғой бектің, ердің.
Қанаш құрбым сексенге келді бүгін,
Рухы мықты ұрпағы тектілердің.
 
Ұл-қыздары ерекше шаттанып, күл,
Ата-ананың еңбегі ақталып тұр.
Елу бес жыл отасып Науша-қызбен,
Қанаш-жігіт өмірден бақ тауып тұр.
 
Қанаш пенен Наушадай асылдарға,
Асуларын тілеймін асуларға!
Қозы менен Баянның белгісіндей,
Жалғассыншы ғасырдан ғасырларға!


Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты сізді сексеннің сеңгіріне де алып жетіпті. Ауыртпалығы мен жақсылығы қатар жүретін өмір өрісінде ........................ абыроймен қызмет етіп, ........................
... баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, ұяда түлетіп, қияға самғатып, білімде де мәдениетті азаматтар етіп қатарға қостыңыз.
 

Қарттық (73-тен кейін) » Соңғы қосылған дүниелер »