Жұбату Мағжан Жұмабаев - құттықтау

Жұбату Мағжан Жұмабаев

Жұбату
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Құнан қойды, сой бөпем,
Құйрығына той, бөпем.
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Буырыл тайға мін, бөпем.
Ақ қызы бар ауылда
Балпаң байдың үйіне
Бұрала барып түс бөпем.
Қымызынан іш, бөпем,
Қымызынан бермесе,
Қызын ала қаш, бөпем.
Ашуланса ағасы,
Іштен шалып жық, бөпем.
Кекеңдесе жеңгесі,
Жынға басын тық, бөпем...
Әлди-әлди, апатай,
Көп жылама, қалқатай!
Әлдилесем жыламас,
Ақылы көп қалқатай.
Айналайын айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Тәшкент, Бұқар – кентіміз.
Дуай-дуай кемелім,
Күнітайым қайда екен?
Саятайым сайда екен,
Асқар-асқар тауда екен,
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан, қанеки?
Жаңа теріп жүр екен.
Жаңасынан, қанеки?
Жаңа барып жүр екен.

Шілдехана » Шілдехана баталары » Өлең - сөздің патшасы » Шығармалар »