ҰБТ-дан жоғары көрсеткішке ие болған мектеп түлегін құттықтау - құттықтау

ҰБТ-дан жоғары көрсеткішке ие болған мектеп түлегін құттықтау

Мектеп ұжымы ұстаздарының, ата-анасының еңбегі мен сенімін ақтап, ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке ие болған .......... мектеп оқушысы ......... үздік атанып, 125 балдың иегері болуымен шын жүректен құттықтайды. Біздің жас түлекке тілер тілегіміз шексіз, телегей теңіздей. Үлкен өмірге қаққан қанатың талмасын. Өзіңе қуанышы мен қиындығы аралас жүретін өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол демекпіз. Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, достарыңның қалаулысы бол! Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын. Өміріңнің алмастай қырын, абзал сырын әрқашан түсіне біл!
Біз түлектерімізге, мектеп өмірі артта қалды, алдағы баспалдақтардан сүрінбей, білімің мен алған тәрбиелерің әрқашан жеңіске жолықтырсын, қадамдарыңа гүл бітсін дейміз.

Түрлі тойларға » Оқуға байланысты »