Ұстаздар күнімен құттықтау - құттықтау

Ұстаздар күнімен құттықтау

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құттықтауы
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жалпы медицина факультетінің ұстаздарына және деканат ұжымына шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз.
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.
[url=http://][/url]

Кәсіби мерекелерге » Мұғалімдер күні »