Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау - құттықтау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау

Қызылорда қаласы әкімінің құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
 
Баршаңызды өз тарихымызда алғаш рет тойланғалы отырған жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар екі онжылдықта жүзеге асты.
Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.
 
Ардақты ағайын!
«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
 Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!        
Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
[url=http://][/url]

Ресми мерекелерге » ҚР Тұңғыш Президенті күні »