Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау - құттықтау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау

Құрметті бурабайлықтар!
Сіздерді, барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды уақиға — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылдың 1 желтоқсанында, тарих бойынша алғашқы рет бірауыздан сайланған Күнімен құттықтаймын.
Бүкіл еуропалық қоғамдастықтар Қазақстанды, қарқынды даму үстіндегі жас мемлекет ретінде тани отыра, барлық салаларда өзара әрекет жасап, ең жоғары-деңгейде ынтымақтастық құруға әзір. Аталғандай абыройға біз тек қана Президенттің арқасында қол жеткіздік!
Біз, еліміздің экономикалық даму бағытында алып серпіліс жасап, қоғамды демократияландыру жолында қол жеткізген, айтарлықтай нәтижелерін мақтан етеміз. Бүгінгі Қазақстан — халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы, құрметті және беделді мүшесі. Оның дәлелі — Қазақстанның ЕҚЫҰ (ОБСЕ)- де төрағалық етуі, Астанада өткен ел басшыларының салтанатты Саммиті, Ислам Конференциясы Ұйымдастығында төрағалық ету қошеметі, қасиетті Бурабай жерінде өткізілген 7-ші Азиялық Ойындар мен Алау Эстафетасы. ЕХРО-2017 шарасын Астана қаласында өткізу бойынша қазақстандық сұранымының жеңіп шығуы аталған жетістіктердің заңды жалғасына айналды. Бұл — қазақстандық даму жолының мойындалуы, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімінің паш етілуі, жаңа астана мен оның зор мүмкіншілігінің танылуы деген сөз!
Қазақстан қоғамы, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген және Қазақстанның гүлдену жолына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін ары қарай жағастыратынына кәміл сенім білдіреміз.
Құрметті жерлестер! Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасылық аманшылық, көптеген жетістіктер тілеймін. Сұлу өңірімізде бейбітшілік пен достық, өзара түсінушілік билік құра берсін!
[url=http://][/url]

Ресми мерекелерге » ҚР Тұңғыш Президенті күні »