Тұсау кесер батасы - құттықтау

Тұсау кесер батасы

О, халайық, қол жайып,
Той тілеуін қолдайық.
Мұсылманның заңдарын,
Барша ағайын қорғайық.
 
Тоқ ішек пен ала жіп,
Жасыл шөппен жарасып,
Үш түрменен кесейік,
Тұсауды біз санасып.
 
Тәй-тәй басып жүретін,
Қуаныш қылып күлетін,
Жүйрік болсын балаңыз,
Мыңнан озып жүретін.
 
Қамқор болып халқына,
Берік болсын антына.
Есейгенде қымбатты,
Сыйлы болсын жалпыға.
 
Бүлдіршінім танып ал,
Көп тлеуін қабыл ал,
Тіл мен көзден сақтасын,
Бойға тұмар тағып ал.
 
Қызықтарың халайық,
Той думан ғып тарайық,
Балақайым өссе екен,
Ел жұртына лайық.
Әмин, қабыл болсын!
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы
 

Тұсау кесер баталары » Соңғы қосылған дүниелер »