Шәкәрімнің айтқаны - құттықтау

Шәкәрімнің айтқаны

 Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін.
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өмірді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсің.
Барыңды,
Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсын –
Шын бақыт,
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!



Бата-тілектер » Өсиет »