Балдәурен - құттықтау

Балдәурен

Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып  жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.
      «Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
                                                          

Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.        
Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын  үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
                                                           

«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата - әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.
 

 
Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!


Қасқырдың қайратын,
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін.
 

Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін.


Қажымас қайрат,
Талмас талап,
Мұқалмас жігер,
Қайтпас қажыр тілеймін.
 

Бақыт сарайының бас құрылысшысы бол деген тілекпен
құттықтау қарлығашын жолдаймын.
 


Туған күнге тілектер » Балдәурен (13-ке дейін) »