Асаукөк - құттықтау

Асаукөк

         Бұл қысты күндері үй ішінде отырып жасалатын ойын-сауыққа да, ұлт дәстүріне де жататын қызықты кеш. «Асаукөк» әсіресе, құрметті қонақ келгенде, құда күткенде үлкен-кішілердің бас қосуымен жасалатын бұл кеште ән, жыр, жұмбақ, жаңылпаштар айту, қолтұзақ, асық ойыны болады. Үлкендер әңгіме, өлең тыңдап, жастар өнер салыстырып, әзіл-қалжыңдар, күлкі шақырып, жиналған ел адамдары көңіл көтеріп, бір сергіп қалады.
         Мұнда өнерлілер өз талантын танытып, үлкендер бата беріп, оларға ақ жол тілейді. Осындай ауылдың «асаукөктен» басталатын өнер жолында талапкерлер танылып, кейін олар белгілі мәдениет қайраткерлері ретінде танылған.



Әдет-ғұрыптар » Ойын-сайыстар » Соңғы қосылған дүниелер »