Мал бөлу - құттықтау

Мал бөлу


Ертеде бір адам үш баласын шақырып алып: «Жасарымды жасадым, ендігі қалған малымды бөліп алыңдар. Малымның екіден бір бөлігін, үлкен ұлым, сен ал, үштен бір бөлігін ортаншы ұлым алсын, алтыдан бір бөлігі кенжеме қалсын» деп, о дүниеге аттанып кетіпті. Әкелерін қойып, жетісін, қырқын берген соң, ұлдары малды бөліп алайын десе, қойдың саны – 17 екен. Ол екіге де, үшке де, алтыға бөлінбейтін екен. Не істерлерін білмейді. Осы кезде жандарынан бір қойын жетектеген шаруа өтіп бара жатады. Оны тоқтатып алып, жігіттер жәрдем сұрайды. Шаруа көп ойланбай-ақ, малды үшеуіне әкелері айтқандай бөліп беріпті.
Шаруа бұл есепті қалай шешті?
/өзінің бір қойын қосқанда, малдың саны 18 болады, оның екіден бір бөлігі – 9, үштен бір бөлігі – 6, екіден бір бөлігі – 2. 9+6+2=17. Өзінің қосқан қойын алып, шаруа кете барыпты/
 


Той-думан » Жұмбақтар »