той ойындары - құттықтау

той ойындары

Той ойындары
Қызық күйде
Ойынға бірнеше ер адам шақырылады. Оларға әйел адам аяғы ауыр кездегі жағдайды өз басынан кешуге мүмкіндік беріледі. Ойын жүргізуші скотчпен іштеріне әуе шарларын байлап береді. Әр ойыншының алдына бір қорап сіріңке шашылады. Ойыншы берілген уақыт ішінде шашылған сіріңкелерді көбірек жинауы тиіс. Өзінің жағдайын да естен шығармағаны дұрыс. Ішіңізге (шарға) зақым келіп жүрмесін.
 
Қарындаш
Ойыншылар қыздар мен жігіттер (3-4 адам)  кезектесіп тұрып, бір-біріне бірінші адамнан соңғы адамға қарындашты беруі керек. Қарындаш ойыншылардың мұрнымен жоғарғы ернінің арасында қыстырылып тұруы тиіс. Әрине, қарындашты қолмен ұстауға болмайды, ал  қалған жерлерін ұстауға рұқсат.
 
Боксерлік матч
Сайыс басында жүргізуші ортаға сүйіктісі үшін бәріне дайын екі нағыз жүрек жұтқан жігіттерді  шақырады. Сүйіктілері де сайысқа түскен  батыр жігіттеріне қолдау көрсеткендері жөн. Ер жүрек жігіттер боксерлік қолғаптарын киеді, ал қалған қонақтар боксерлік рингке сәйкес айнала қоршап тұра қалады. Жүргізушінің негізгі міндеті – ойынды қыздыра түсіп, ойыншыларға бұлшық еттерін жаттықтыру кезінде демеу көрсетіп, сайыс алдында қарсыласымен ойынша біраз бокстасуға уақыт беру керек, бәрі нағыз рингтегідей болуға тиіс. Жігіттер денелерін шынықтырып, моральдық дайындықтан өткеннен кейін рингтің ортасына келіп бір-бірімен қол алысады. Жүргізуші (төраға) жігіттерге ойын ережесіне сай белден төмен ұруға, еш қай жерлерін көгертпеуге, бірінші қан шыққанға дейін деген сияқты ескертулер жасайды. Осыдан кейін жүргізуші боксшыларға бір-бір конфеттен ұсынады, карамель не болмаса иристі (оларды ашу оңайға түсе қоймайды, әсіресе жабысып қалса) боксерлік перчаткаларын шешпей жылдам ашып, өз сүйіктісіне беруі керек. Ойында тапсырманы бірінші болып орындаған ойыншы жеңеді.


Қимылдың дұрыстығын тексеру
Ортаға бірнеше адам шақырып, жүргізуші қимыл әрекеттерін көрсетеді. 1-ші: оң қолмен сол құлағынан, ал сол қолмен мұрнының ұшынан ұстау қажет. Шапалақпен «хоп» деген команда берілгенде ойыншылар 2-ші әрекет жасауға тырысады, оң қолымен мұрнының ұшын ұстайды, ал сол қолымен оң құлағын ұстауы керек. Шапалақпен «хоп» деген команда жиі беріле бастайды. Шатаспай бәрінен көбірек команданы дұрыс орындаған адам жеңіп шығады.


Бір қораб сіріңке алынады. Ішіндегі шилер босатылып сыртқы қорабша ойынға дайындалады. Сыртқы қорабшаны ойыншының мұрнына кигізеді. Ойыншы тек бет қимылдарымен қорабшаны мұрнынан түсіруі керек.


Киіндіру
Ойынға қатысатын ер адамдардың қолына қысқы қалың қолғаптар кигізіледі.
Олар ойын шарты бойынша алдында тұрған қыз баланың киімінің үстінен киілген халаттың түймелерін қадауы керек. Ең бірінші болып түймелерді қадап бітірген адам жеңіске жетеді.


Жұп бір-біріне арқаларымен сәл еңкейіңкіреп тұрады. Екеуінің арқаларының ортасына (төменірек) жұмыртқа салынады. Ойын шарты бойынша олар жұмыртқаны жарып алмай жерге қоюы керек. Жұмыртқаны жармай түсірген команда жеңеді. Жұмыртқаның орнына кішкентай доп алуға болады. Ол жағдайда доп басқа жаққа домалап кетпеуі тиіс.


 

Ойын-сайыстар » Соңғы қосылған дүниелер »