Көк тудың желбірегені - құттықтау

Көк тудың желбірегені

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ
әні Ермұрат Зейіпхат
сөзі Алмас Ахметбекұлы
орындаушы Ибрагим Ескендір
 
Көк тудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
шымырлатқаны денені.
 
Көк тудың желбірегені -
жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені.
 
Көк тудың желбірегені-
елдіктің асқақ өлеңі,
әр жаққа тартпай, Қазағым,
бір сөзге жинал дегені.
 
Көк тудың желбірегені -
бақыттың елжірегені,
қиырда қалған Қазақтың
Азат отанға жете алмай
көзінің мөлдірегені.

Ән - көңілдің ажары » Патриоттық әндер »