Мен сыйға тартқан орамал - құттықтау

Мен сыйға тартқан орамал

Мен сыйға тартқан орамал Сөзін жазған Г. Салықбаев Әнін жазған Р. Әлқожа Біз енді қайтер екенбіз? Жақынбыз және бөтенбіз. Алыстан келсең, алдыңнан Су алып шығар бөтен қыз... Қайырмасы: Тоналар? бәрі тоналар... Өзіңдей кімдер бола алар? Жоғалар, бір кун жоғалар, Мен сыйға тартқан орамал. Сен қайда қалып барасың? Қарайған нүкте ғанасың. Жанымды үнсіз жаралап, Жарасын өзің таңарсың. Қайырмасы Мазамды алды мына ақшам, Семсерін кезеп сұрақ сан. Күлдіріп отыр басқа жан, Жақсы еді сен кеп жылатсаң... Қайырмасы
Метки к статье: Мен сыйға тартқан орамал

Кейінгі жылдар әндері » Соңғы қосылған дүниелер »