Ақ босаға /қазақтың келіндері-ай/ - құттықтау

Ақ босаға /қазақтың келіндері-ай/

АҚ БОСАҒА
(С. Желдербаева, М. Рүстемов)
Қыз аттаған келін боп, ақ босаға,
  Ақ босаға, мерейлі бас босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне,
Куә болып ғасырлар жатты осы ара.
 
Қайырмасы:
 
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.
 
Қариялар батасын береді екен,
Бата деген ақ тілеу керек екен.
Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек,
Ұрпақтарға жалғасып кетеді екен.
 
Қайырмасы:
 
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
Бір шаңырақ келінсіз көтерілмей,
Бір кереге келінсіз керілмеді.
 
Татулықпен тамсытқан ауылымды,
Ардақ тұтқан аға, іні, бауырымды.
Ізеті мол қазақтың келіндері,
Бағалаттың баршаға қадіріңді.
 
Қайырмасы:
 
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
Сол келіндер арқасы босағадан,
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді.
 

Той әндері » Соңғы қосылған дүниелер »