Арыс жағасында - құттықтау

Арыс жағасында

әні Шәмші Қалдаяқовтікі
сөзі Мұхтар Шахановтікі
Өзіңмен Арыстың,
Бойында таныстым.
Жайнаған гүлдер құрбым сен,
Жағада тұрдың сен.
 
Қайырмасы:
 
Жаз еді күлкің де,
Қайдасың бұл күнде.
Сені іздеп арманым,
Сыр бойын шарладым.
 
Нұр шашып көзіңнен,
Бір нәзік сезіммен.
Жібектей шашың толқындап,
Қалып ең қол бұлғап.
 
Қайырмасы:
 
Кете ме осылай,
Әніміз қосылмай.
Аяулы таңым сен едің,
Көрсем деп келемін.
 
Қайырмасы:

Шәмші әндері » Соңғы қосылған дүниелер »