Ақан серінің әндері - құттықтау

Ақан серінің әндері

Балқадиша
Қызы едің Ыбекеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал – Қадиша.
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың – хан, Қадиша.
 
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.
 
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.


Қараторғай
Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен неғып.
 
Қайырмасы:
 
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың.
Жерге қонбай.
 
Ертістің аржағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,
Сайрайды, таң алдында қараторғай.
 
Қайырмасы:



Ән - көңілдің ажары » Соңғы қосылған дүниелер »