Ару-ғұмыр - құттықтау

Ару-ғұмыр

әні Бағлан Бәбіжандікі
сөзі Назира Бердалынікі
Адалдығы болмаса аңсатар ма,
Ару-кезең - әдемі әрқашанда,
Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.
Әр таң оған ерекше күліп келген,
Әр көктемнен ерекше үміттенген,
Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.
 
Қайырмасы:
 
Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,
Күнге қарап көктемге күлген едім,
Бүгін міне өзгеше күйге енемін, шіркін.
Жайқалады гүлзары көңілімнің,
Мен қазақтың қызымын, келінімін,
Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін.
 
Жаңаша боп туады жанған күнім,
Аспанында арманның самғап жүріп,
Ақ некелі жарыма арнаулымын мәңгі.
Жарық қылам жер бетін нұр-сәулемен,
Қырық шырақтан құралған құрсау денем,
Бесігімді тербетем шырқауменен әнді.
 
Мен - әйелмін, әлемнің анасымын,
Үміт жеңген кей кезде жан ашуын,
Күлкісі – күн, тәні – нұр, санасы – мұң, менмін.
Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын,
Ғажап түске боядым ғайып түнін,
Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгін.
Қайырмасы.



Ән - көңілдің ажары » Той әндері »