Гүлдәурен - құттықтау

Гүлдәурен

ГҮЛДӘУРЕН
Сөзі мен әнін жазған М. Шаханов
 Асау өмір арнасында,
Шалқып сәби сезімменен.
Он жыл мектеп партасында,
Бірге отырдым өзіңменен.
 
Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
 
Елес беріп келешегің,
Қимасына баладың ба?
Қоштасарда неге сенің,
Жас толқыды жанарыңда?
 
Қайырмасы.
 
Іңкәр еткен атар таңға,
Қош бол енді бала көктем.
Бізді алыс сапарларға,
Шақырады дала күткен.
 
Қайырмасы



Ән - көңілдің ажары » Той әндері »