Сырласу - құттықтау

Сырласу

Өлеңі - Әнуарбек Дүйсенбиевтікі
Әні - Әсет Бейсеуовтікі
 
Түн жамылып келеміз, айсыз ашық аспан,
Төбемізде жұлдыздар үнсіз жымыңдасқан.
Бара жатқан зымырап байқалмайды уақыт,
Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт!
 
Алматының гүл бағын аралаймыз ұзақ,
Қиялменен кетеміз кейде алысқа ұзап.
Күйге толы көңілдер, араластық биге,
Қандай ыстық осы шақ, асықпа сен үйге.
 
Алақанда алақан, күлімдейді көзің,
Құшағымда қуаныш, қасымда сен өзің.
Бүгінгі түн тамаша, бүгін нұрлы бар маң,
Бүгін, міне, қосылды армен мен арман.

Ән - көңілдің ажары » Той әндері »