Құда жігіттің той жыры - құттықтау

Құда жігіттің той жыры

 
Ажарыңның ашығын-ай, құдаша!
Сендей болсын ғашығым-ай құдаша!
Ұлан-асыр осы тойдың үстінде,
Тау суындай тасыдым-ай, құдаша!
 
Жанарыңның жарқылын-ай, құдаша!
Магниттей тартуын-ай, құдаша!
Ай деп,
Күн деп,
Ақ шолпан деп,
Тең таппай,
Бар теңеуді сарқыдым-ай, құдаша!
 
Мен қайтейін, көңіл саған құласа,
Ай қабақты, найза кірпік құдаша!
Өзгелердің құдашасын қайтейін –
Өз құдашам өзіме көп ұнаса!

Ән - көңілдің ажары » Той әндері »