Менің Қазақстаным - құттықтау

Менің Қазақстаным

Өлеңі – Жұмекен Нәжімеденовтікі
Әні – Шәмші Қалдаяқовтікі
 
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Кең екен Жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп терлеген,
Қазағым мықты ғой.
 
Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным.
 
Сағымды далам бар,
Сабырлы көлім бар.
Қараңдар, жарандар,
Осындай елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Ежелгі досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай.
 
           Қайырмасы.

Ән - көңілдің ажары » Қазақстан композиторларының әндері » Шәмші әндері »