ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ


 

ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді, бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді. Ал екінші бір жерінде Қасым ханның билігінің зор, беделінің күшті болғандығын жазса, ал Бұрындық ханды ешкім де хан деп ауызға алмайтынын жазады. Сондай ой тууы мүмкін неге Бұрындық ханның беделі төмен түсіп кетті. Ол неге қазақ хандығының ата жауымен (Мұхамед Шайбани) құда болып М.Шайбани ханның інісіне бір қызын, баласына екінші қызын беріп достасып кетті? Мұның түбі келешек хандық билікке таласта жатыр еді. Біріншіден Бұрындық хан Жәнібек ханның Қасымнан бастап балаларының беделінің өсіп келе жатқандығын көріп олардың ұлыстық жерінің кеңейіп бара жатқандығын байқап оларға қолайлы болса ылғида кедергі жасауға тырысты. Сондықтан да ол Жәнібектің балалары Таныш пен Жаныш сұлтандарды Шайбани хан шауып талқандап жатқанда оларға көмек берудің орнына тайқап Сыр бойынан Солтүстікке қарай жылжып кетуі. Ал қыздарын М.Шайбани ханға берудегі мақсаты да соның әскер күшімен Жәнібек ханның ұлдарын әлсірету еді. Алайда Қасым әлі хандық дәрежеде болмаса да өзінің бауырлары Жиренше, Қамбар, Махмұт,, Әдік сұлтандармен бірге отырып Шайбани ханға бірнеше рет соққы беріп Түркістан аймағындағы қалаларды өздеріне қаратып алған. Міне осындай жағдайды көріп отырған қазақ халқының алдында Бұрындық ханның ешбір беделі қалмаған еді.

АлмұндайжағдайдаҚасымханБұрындықтыңжанындаболудықаламайтын. Егер жанында болса оған құрмет жасауға тура келетін. Оған құрмет көрсетілмесе аға алдында немесе хан алдында сынға ілінуі сөзсіз. Сол себептен Қасымхан Бұрындық ханнан іргесін аулақ ұстауға тырысатын. Бұрындық ханның ордасы Сарайшық қаласында орын тепсе, ал Қасым хан Жетісу аймағында Қарайол өзенінің бойында орналасқан. Ханның мұнда қыстауы да бар еді.

         Бұл көрсетілген хабарлардан Қасымның беделінің қандай зор болып Бұрындықтың тірі кезінде-ақ хандық дәрежеде болғандығын көреміз. Мұндай жағдайға шыдамаған Бұрындық хан Самарқандтағы Михр Сұлтанханым деген қызының қасына көшіп кеткен. Оның онда вакфтық жері болған. Бұл шамасы 1511 жылы күз айында болса керек. Бұдан соң Жәнібектің баласы Қасым 1511 жылдың тақыр күзінде толыққанды хандық дәрежесіне көтеріледі.

         Қасым ханның билік басына келген кезі Орта Азиядағы біраз өзгерістері болған уақытта тура келген. Оның біріншісі Мұхамед Шайбани хан Иран шахының қанжалына түсіп 1510 жылы Мерв түбінде қаза болды. Оның әскерілері де қызылбастардың толық талқандауымен аяқталып Бұқара, Самаркандт және Түркістанның бірсыпыра қалаларында Темір ұрпағы Бабырдың қолына уақытша болса да көшкен еді. 




Скачать