“Ғалияда” оқыған қазақтар


 

“Ғалияда”  оқыған қазақтар

 

Қолжазба “Садақ” журналын Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқып жүрген қазақ жастары 1915-1918 жылдары шығарыпты дегенді 1952 жылы адал жүрек ақын, атақты “Әли қарттың әңгімесі” поэмасы үшін “жемеген таяғы жоқ” Жақан Сыздықовтан естіп ем. Басылымды іздеу барысында талай қызыққа да, қиындыққа да батқаным 1986 жылы шыққан “Садақ” атты хикаялы эссеме негіз болды. Баспаның сол кездегі қырағы редакторлары, басшылары “Садақты” тілге тиек етіп, бүкіл қазақтың интелектуалды дүниесін ақтарып кетіпсің, “қажетсіз” оқығандарды, зиялыларды атапсың деп кітаптың жартысына жақынын қысқартып тастаған болатын. Тәуелсіздік қолымызға емін-еркін тиген уақытта “Сандалтқан “Садақ” есімді ғылыми-деректі шытырман хикаяны Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша 2002 жылы шығарғанда “Фолиант” баспасы көлемі үлкен екен деп автормен ақылдаспай үштен бір бөлігін алып қалыпты. Ол тарауларда медресе “Ғалияны” бітіріп келгендердің игілікті істері, артында қалған ұрпақтарының әке-аталарының жүз жылдығын атау рәсімдері және жаңадан табылған мәнді құжаттар, яғни қазақтың зиялылығын танытатын бөлігі алынып қалыпты. “Өзі болмаса да көзі” деген атпен жалғастырамыз деп уәде беріп еді, осы күні сөздің шындыққа айналуы қиын болып бара жатқандықтан тиянағы әзірге көрінбей тұр.

 

“Ғалияда” оқыған қазақ жастарын айтудан бұрын осындай кіріспенің болары заңды. Өйткені халқымыздың биік өресін көрсетейін десең еуроцентризмге бой алдырып қалғандар әлі де құлашты кеңге жаздырмай келе жатыр.

 

Биыл “Ғалия” медресесінің 100 жылдық мерейтойы болайын деп жатыр. Оның орнына өмір сүріп жатқан Ресей ислам университеті жер-жерге сауын айтып, конференцияға шақыру жіберуде. Маған келген хатта: “Татар, башқұрттан кейін көп оқыған қазақ жастары, сондықтан баяндама дайындай келіңіз”, деген өтініш те бар.

 

1905 жылғы бірінші орыс революциясынан кейін аз-маз еркіндіктің шеті көрінгенде сонау Қырымда Исмаил Гаспринский (Гаспралы) өзінің “Тәржиман” газеті арқылы жадидизмді насихаттап, жаңаша оқу жүйесін, яғни бірыңғай Құран уағызын жаттата бермей дүнияуи білім алуға үндеді. Осы жаңа ба­ғытты Ресей империясы қол астындағы мұсылмандар жұртында алғаш жүзеге асырған Зиядрин Әл-Камали деген ағартушы болды. Бұған діндарлар қарсы болып, талай қиястықтар да жасады, аяқтан да шалды. Бірақ жаңаның жеңетін заңдылығы бұл салада да анық көрініп, 1918 жылға дейін өмір сүрді.

 

“С открытием “Галии” начала стекаться жаждущая знаний молодежь из всех мусульманских районов России.




Скачать