Сібір жұртындағы қыпшақтар


Б.э.д. І мыңжылдықта ғұндардыңкүштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдіңорман дадалары тайпаларыныңбір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдыңаяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардыңбір бөлігі Батыс Сібірдіңоңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді.

ІV ғасырда ғұндар батысқа кеткен соң, орман даласы тайпаларыныңедәуір тобы өз мәдениетініңерекшеліктерін сақтағанмен, аз да болса солтүстік аудандарындағы орман халқы мен оңтүстігіндегі түрік тайпалары мәдениетініңэлементтерін қабылдады. Бұлар VІ – VІІІ ғғ. Орман даласындағы угралар еді, әрі олардыңСолтүстік-Шығыс Қазақстанда, ПавлодардыңЕртіс өңірінде, Түменде мекендегені белгілі. Батыс Сібірдіңдаласындағы угорлар ежелгі мадьярларға жатқан деген негіз бар [1. 304 б.].

"Сібір тарихы" атты 5 томдық еңбекте ХІІІ ғасырда Ертіс өңірініңорманды алқаптарыныңоңтүстік бөлігінде этникалық өзгерістер болып, мұнда түрік-қыпшақтар баса-көктеп кіріп, ХІІІ ғ. монғол – татар шапқыншылығы нәтижесінде жартысы далалы жерден ығыстырылады деп жазылған [1.305 б.]. Жергілікті угор халқы төменгі Ертіс маңы солтүстік ауданы мен Нарым өлкесіне кетуге мәжбүр болды. Угорлардыңқалған бөлігі сырттан келген тайпалармен араласып кетіп, ХV - ХVІ ғғ. Батыс Сібірде түркі тілдес "татарлар" этникалық жаңа топ пайда болды. Осындай тұжырымдамалар Батыс Сібірде түркі тілдес тайпалардыңкейінгі орта ғасырда мекендеді деген жаңсақ пікірге әкеледі. Сондықтан күрмеуі көп осы мәселеніңбір түйінін шешуге талпыныс жасап, біз өз мүмкіндігімізше талдап көрейік.




Скачать