Батыс Түрік


Батыс Түрік қағанаты

(603 – 704 жж.)

Еуразияның аса үлкен бөлігін қамтыған, әртүрлі тілдерде сөйлейтін және әртүрлі этностарды күшпен біріктірген көшпелілердің әскери империясы болып табылатын ұлы Түрік қағанатын бір орталықтан басқару қиынның қиыны еді.

Өздері мұздай сауытпен құрсан­ған, бақайшағына дейін қаруланған қуатты әскерге сүйенген жоғарыдан төменге дейін ел басқарған қағандар, тегіндер, шадтар, ябғулар, елтеберлер, тұтықтар және жергілікті рулық-тайпалық бірлестіктерді басқарған бектер үлкен қиыншылықпен қол жеткізген арайлы тәуелсіздіктің қадір-қасиетін терең түсіне қойған жоқ. Мансапқорлық пен таққұмарлық елді билеген Ашына әулетінің ұрпақтарын меңдеп алып, емі жоқ «ауруға» айналды. Осындай мерез пиғылға тосқауыл қою үшін кезінде данагөй Ашына Мұқан қаған әкесінің орнына баласы таққа отыратын дәстүрді бұзып, ағаның тағына іні отыратын жаңа салтты енгізген еді. Осылайша қаған ауысқанда таққа сарыауыз жас бала емес, ақыл тоқтатқан азамат ие болатын болды.         

Алайда айтарлықтай өсіп-өнген және қажетті деңгейдегі билікке қол жеткізе алмаған Ашына әулетінің өкілдері мемлекеттің тәуелсіздігінен гөрі өздері басқаратын аймақтардың тәуелсіздігін жоғары қоятын болып алды. Олар жергілікті жерлерден рулық-тайпалық негізде құралған айтарлықтай қуатты да садақты әскерлерімен жоғарғы билікті басып алуға болады деген зиянды пікір жетегіне ілесті. Мұның өзі оларды өзара ішкі соғыстарға алып келді. Нәтижесінде қағанат ішінде әртүрлі аймақтарды басқаратын бірнеше қаған қатарласа пайда болды. Бұл шырғалаң 20 жылдан астам уақытқа созылып, ақырында 603 жылға қарай Ұлы қағанаттың екі мемлекетке – Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлініп кетулеріне алып келді.
Түріктердің сорына қарай дәл осы тұста, бұрын Қытайды бытыраңқылықта ұстап келген Сән­билердің Тоба әулеті тақтан тайдырылып, оның орнына қытай нәсілін жедел біріктіріп күшейтуді қолға алған қытайлық Суй әулеті (583-638 ж.ж.) өкілдері билікке келді. Олар өздерінің байырғы ата жаулары түріктерге қарсы «алыстағысымен бірлесіп, жақындағысына қарсы тұру, күштісінен бой тасалап, әлсізімен бірлесу» саясатын ұстанды. Бұл, әрине, жаңалық емес болатын. Көшпелі түріктердің өздері де мұндай арандату әдісін өзінің жауларына қарсы талай рет қолданған еді. Мұның өзі шын мәнінде дұшпандар арасына іріткі салып қана қоймай, оларды әдейі бөлшектеп, өзара іштей қақтығыстыратын бағыт еді. Түріктердің өзара жауласып, екі қағанатқа бөлініп кетулері олардың ішкі саясатына Қытайдың араласуын күшейте түсті.

Бұған қолайлы жағдай 603 жылы түркітілдес он Телес тайпалары біртұтас Түрік қағанатын 599 жылдан бері билеп келген Қара Шұрын Түрікке қарсы көтерілгеннен кейін қалыптасты. Ол көтерілісшілерден бейтарап аймақ Тогонға қашып құтылды. Енді екіге бөлінген елдің Шығыс қағанатындағы билікке Жоңғар келсе, ал Батыс қағанат тағына Тарман отырды.

  Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар. Аумағы Алтай, Сібіржерінен бастап, Әмудариямен Еділөзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуалдарға байланысты шекара өзгеріп тұрғанымен Батыс Түрік қағанатының негізгі аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісуөңірі болған. Батыс Түрік қағанатының халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған. Қағанаттың құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыздары, шығылдар(шігілдер), чомулдар(шөмекейлер), тухсилер, т.б. енді. Батыс Түрік қағанатының мемлекет басшысы - қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді, ру басшыларын тағайындады. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған (қ. Тат). “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығыбасым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Таласөзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан. Орталық Азиямен Шығыс Түркістандағыаймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған. Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағанатын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджабқалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісудаегіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анағатағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 жылы қаған ордасына Үндіелінен Буддадінін уағыздаушы Прабхакарамитраон шақты серігін ертіп келген. 627 жылы келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзяньтүрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түрік қағанаты Шегуй(610—18) мен Түн жабғу(618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуйқаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығымен Памиргедейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқакөшіріп, ал Мыңбұлақдеген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсыеліне қарсы Византияменкелісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказғажасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе(Дербент) мен Тбилисисияқты қалаларды өз үлесіне алады. Түн жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түріктер Арменияғабасып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказдакөп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясықол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертісбойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур(Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулумен нушебитайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдарияаймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулумен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы(Дучжи хан, АшинаДучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құланқаласында түргештердің басшысы Үшлік(Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргешқағанаты құрылды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
  2. “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
  3. Отырар Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  4. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
  5. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3



Скачать