Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты


XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді.XXғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналады. Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды.Ресей капиталистік экономика жолына кештүссе де,жедел дамып,орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді.Азияның,Африканың,Латын Америкасының баяу дамыған елдерге қысым жасады,олардың олардың ішкі істеріне қолсұқты,байлығы мен шикізатын пайдаланды.Ресей де Азия елдерінде көз тікті,шет өңірледі өзінің   отарына-шикізат,тұрақты нарық көзіне айналдырды. Ресейдің алға шығуына негізгі кедергі-феодализм қалдықтары:биліктің патшалық болмысы,дворяндардың үстемдігі,помещиктік жер иелену,буржуазияның,халық бұқарасының саяси биліктен шеттетілуі болатын.Шаруалардың жерінің аздығы,олардың меншікке байланысты бөлшектенуі,елдің тұрмыс жағдайының ауырлығы,халықтың кедейлене түсуі,"бұратанда" деп аталған халықтардың ұлттық езілуі сияқты факторлар да Ресейді етектен тартты. XXғасырдың басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті.Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөлгісі келді.Оларға арзан шикізат көзі жетіспеді.Өзара топ құрып одақтасқан бәсекелес әскери-саяси блоктар-үштік Одақ (Германия,Австрио-венгрия) пен Антанта (Франция,Англия,Ресей) тартысты  38мемлекет қатысқан дүниежүзлік соғысқа әкеліп соқтырды. Қазақ сахарасының болмысы XXғасырдың басында күрделене түсті.Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізді.1907-1912ж-дың өзінде елдің еуропалық бөлігіне 2млн мың  400 мың адам әкеліп қоныстандырылды.Қазақтар шұрайлы жерінен айырылды.Сонау Столыпин реформасының бас кезінде -ақ "Санкт-Петербургские ведомость" газеті:"Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе,әрине,бұған қарсы шығудың керегі жоқ..." –деп жазған болатын. 

Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ  даласынан арзан бағамен  орасан көп мөлшерде мал сатып  алынды.Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар  жиналды.

Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы  енгізілді, мемлекттік заемдар  таратылды, бажсалығын  төлеу міндеттелді,жергілікті халық  соғысқа арналған  жүктерді(негізінен, азықты)теміржол станциясынатасуға мәжбүрболды.




Скачать