Мұстафа Шоқай


ХIX ғасырдың соңғы ширегі Түркістан тарихының ең қараңғы кезеңдерінің бірі еді. Бұл кезеңде патшалық Ресей Түркістанды жаулап алуын толық аяқтаған.

Бұдан кейін Петербург өкіметі бұл жерлердегі билігін нығайтуға күш жұмсап жатты. Сонымен қатар Түркістанның кең даласын мүмкіндігінше жан-жақты қанау шараларын жүргізді.

Ресейдің ішкі аймақтарындағы жері жоқ орыс мұжықтарының Түркістанға жаппай көшулерін тездетті.

Түркістандағы жергілікті орыс билеушілері де осы саясатқа сай билік жүргізді. Меншікті жер мен мал-мүлікке ие болуға әбден құнығып алған орыс келімсектерінің Түркістанның жергілікті қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік және түрікмен секілді халықтарының жерлерін иемденуіне тосқауыл болмады.

Мұндай әділетсіздікке қарсы халық шарасыз еді. Өйткені жерлерінің қолдарынан тартып алынуына қарсы тұрарлық күш-қауқарлары жоқ еді.

Әділетсіздікке қарсы бас көтеріп, қаруланып, жерін қорғауға тырысқандар ауыр жазаға тартылды. Халық жер дауына байланысты жүгініп барған орыс сот орындарынан көбіне оңды нәтиже ала алмады. Өйткені халық жергілікті жәрежеде орыс тілі мен заңдарын білмеуші еді.

Түркістан осындай саяси-әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қиын жағдайға тап болып отырған тұста Шоқай дүниеге келді. Мұстафа Шоқай 1890 жылы 7 қаңтар күні жалпы Түркістан өлкесіне қарасты Сырдария округіндегі Ақмешіт қаласына жақын орналасқан Наршоқы ауылында дүниеге келді. Мұстафа қазақтардың қыпшақ руына жататын текті отбасының ұрпағы. Қоқан хандығында жоғары шенді әскер болған атасы Торғай Датқа Қуатбайұлы Қыпшақ ішіндегі Шашты руының биі еді.




Скачать