Қазақстандағы репрессия құрбандары


1988 жылдың күзінде «Казахстанская правда» газетіне «Қоғамтанушылар нені тани алмаған?» деген ғылыми мақала дайындалды. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді.

Бірақ мұнын орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында екі республикалық газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырып партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды.

Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың санын әдейі екі еседей азайтып көрсетті. Былайша айтқанда, бұл орталық партократия зұлымының қазақ халқының алдындағы кешірілмес күнәсін баяғы зымияндық әдетіне салып, екі еседен артық жеңілдетті деген сөз.

Мұндай үлкен ғылыми оғаштықты КОКП тарихшыларының демографиялық зерттеу әдісін білмегендігінен ғана болды деу шындыққа жанаспайды.Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілеріміздің (Ә. Ғалиев, Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев, Қ. Атабаев) арқасында көптеген архив деректері табылды. Сөйтіп, біздің бұрынғы таза ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты.

Мысалы, 1927 жылғы республикалық ЦУНХУ-дің болжамы бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл халқының саны ғана 4.2 млн адам болуға тиіс еді.

Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми санаққа қанша адам қосып жазуға тырысып бақса да, өлгендердің санын көзбояушы шенеуніктер қанша азайтқысы келмегенмен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1.5 млн-нан асыра алмады.




Скачать