Желтоқсан көтерілісі


“Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы. Желтоқсан оқиғасының “дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді.

Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды. Бүгіндері Желтоқсан көтерілісі жайында әркім әртүрлі ескеліктер айтады. Кейбір елге белгілі азаматтарымыз “Мен сол кезде жастардың жағында болдым” деп сайрап жүр. Ал, оған қарсы басқа кісілер “Ол партияның қол шақпары болған” деп уәж айтады.

Кімге сенеріңді білмейсің. Сол бір қиын қыстау күндерде тоқырау кезеңінің жан дайшаптары жоғарғы басшыларының сойылым соғып, оқиғаның анық-қанығына бармай-ақ халықты ұлардай шулатты емес пе? Енді міне, сол күндерде зәбір көрген жастардың арман-мақсаттарының алдал екенін бүгінгі таңда кім де болса мойындап отыр. Адам жанына өмір бойы ұмытылмастай салынған таңбаға кім жауап береді? Талай боздақтарымыз қайғы-қасіретке душар болып, көбі мүгедек болып қалды. Ал “ерлік істерімен көзге түскендер” наградаларға ие болып маң-маң босып жүрді. Мұндай “мықтыларды” қашан жауапқа тартар екен?




Скачать