Ж.Б.ЛАМАРК ТЕОРИЯСЫ


Ж.Б.ЛАМАРК ТЕОРИЯСЫ

 

Ж.Б.ЛАМАРК ТЕОРИЯСЫ

      Мыңдаған жылдар бойы организмдер түрлерi қазiргi бейнесiнде түзiлуi кейiн өзгерген жоқ. Библияда осылай жазылған (тұрмыс кiтабы) және ежелгi грек философы мен натуралист Аристотель  де осындай көзқараста болды.

Бiрақ 1750 жылдан бастап, бiрте-бiрте түрлердiң уақыт барысында өзгергенi туралы мәлiметтер жинала бастады және көптеген адамдар организмдердiң эволюциясы болатынына сене бастады. Францияда, Англияда және Германияда ғалымдар сол уақытта жер бетiнде тiршiлiк еткендерге ұқсамайтын жануарлар мен өсiмдiктердiң ерекше қазба қалдықтарын тапты. Бұл табылған қалдықтар ғылымға қатысы жоқ адамдарды таңқалдырды және ғылыми мәнiсi қарастырылатын оқырмандардың хаттары мен мақалалары шыға бастады. Кейбiреулер қазбалар — өлген организмдердiң қалдықтары емес, олар адамдар өмiрi қызықты болуы үшiн құдайдың тау жыныстарына орналастырған заттары деп айтты. Чарлз Дарвиннiң досы, геолог Чарлз Лайель (Charles Lyell) Бар, француз және ағылшын ғалымдары жердi әртүрлi уақытта әртүрлi организмдер мекен еттi деген тұжырымға келдi.

1809 жылы, Чарлз Дарвин (Charles Darwin) және Альфред Рассел Уолмс (Alfred Russel Wallace) өздерiнiң эволюция теориясын ашқанға дейiн жарты ғасыр бұрын, француз биологы Жан Батист де Ламарк (Jean Batiste de Lamark) өзiнiң теориясын ұсынды: организмдер тiршiлiк барысында мекен ету ортасына бейiмделгiштiгiн арттыратын белгiлерге ие болады; бұл белгiлер ұрпаққа берiледi. Оның келтiрген мысалдары iшiнде белгiлi болғаны жираф мойнымен байланысты мысал: жирафтар жоғарыдағы жапырақтарға ұмтылуының нәтижесiнде мойындары ұзарып, ол белгiнi ұрпақтарына бердi деп Ламарк айтады.

Қазiргi генетика негiздерiмен таныс адамдарға бұл идея ерсi көрiнгенiмен, ХIХ ғасыр соңындағы теорияларға толық сәйкес келедi, ол теория бойынша дененiң әртүрлi бөлiктерi қанмен көбею мүшелерiне келетiн, жұмыртқа клеткасы және сперматозоидтардағы кiшкене бөлшектер. Жұмыртқа клеткалары мен сперматозоидтардың денедегi басқа бөлшектерi клеткаларының гендерi емес, өздерiнiң гендерi бар екенiн бiз бiлемiз. (Бұл ұрпақтары алатын генетикалық тұқымқуалаушылық организмге әсер етпейдi деген мағынаны бiлдiрмейдi).

 


Скачать