Жануарлар арахнозы, протозооздары мен энтомаздары


Жануарлар арахнозы, протозооздары мен энтомаздары

 

Протозойдты ауруларының диагностикасының әдістері. Пироплазмидоздардың диагностикасы. Кокцидиоздар диагностикасы. Трихомоноз диагностикасы. Акароздар диагностикасы.

      Сабақтың мақсаты. Протозооздардың өмірлік және өлгеннен кейінгі әдістерімен танысу.

      Сабақ өткізу орны. Паразитология кафедрасының зеритханасы.

      Құрал-жабдықтар. Қан жағымдысы, ішкі мүшелердің жағынды-таңбалары,; нәжістер, ірі қара малдың жатырынан алынған заттар;

инъекциондық инелер, шприцтер, майсыздандырылған заттар мен жабын шынылары, пипеткалар, сүлгі, кішкене және үлкен кюветтер, бактериологиялық кеселер, микроскоптар, дистильденген су, фильтрленген қағаз, центрифуга, пинцеттер, шыны таяқшалар;

реактивтер: йодтың спирттік ерітіндісі, метил спирті, Романовский-Гемза бояуы, кедр майы, глицерин, натрий хлоридінің ерітіндісі, Петровскийдің қоректік ортасы.

Әдістемелік нұсқаулар. Оқытушы алдымен протозооздардың қоздырғыштарының морфологиялық ерекшеліктерін  түсіндіреді, кейін студенттер өзіндік жұмысқа кіріседі: жағымдылар дайындайды және оларды микроскоп арқылы зерттейді.

      Теориялық бөлім. Протозойлы аурулардың әдістерін атап, сипаттама бер. Эпизоотологиялық анықтамалар, клиникалық әдіс, паталогоанатомиялық әдістер, зертханалық әдістер, культуральды әдіс, серологиялық әдіс, биологиялық әдіс.

Тапсырмалар.

Тапсырма 1. Қан жағындысын дайындау және оны бояу.

Тапсырма 2. Нәжістегі балантидтер мен кокцидияларды анықтау.

Тапсырма 3. Бабезияларға, пироплазмаларға, саркоцистерге, токсоплазмаларға, эймерия мен балантидтерге тән пішіндерді анықтау.

Тапсырма 4. Babesiidae жанұясына жататын пироплазмидтардың дамe циклін анықтау.

Бақылау сұрақтары.

  1. Протозойлы аурулардың қоздырғыштарының – қандай типтері мен класстары бар?
  2. Ветеринарлық тәжірибеде протозойлы аурулардың диагностикасының қандай әдістері қолданылады?
 


Скачать