Кариотип


Кариотип

 

Метафазадағы ядроны клеткадан бљліп алып, хромосомаларын жылжытып, санап, олардың пішіндерін қарастыруға болады. Әрбір биологиялық түрдің особьтарының клеткаларында хромосома сандары бірдей болып келеді. Метафаза кезінде әрбір хромосоманың құрылысында љзіндік ерекшеліктер болады. Осындай ерекшеліктер жиынтығын кариотип (хромосома жиынтығы, грек. karyon – жаңғақ ядросы, typos – үлгі) деп атайды. Дұрыс кариотипті білген кезде нормадан ауытқушылықты айқындауға болады. Осындай ауытқушылықтар тұқымқуылайтын аурулардың кљзі болады. Адамның қалыпты жағдайдағы кариотипі 22 жұп аутосомнан және 1 жұп жыныс хросомынан түзіледі (XX — әйелдерде, XY – ер адамдарда). Адам кариотипінің мысалдары 36 және 37 суреттерде кљрсетілген.

1949 жылы М. Барр аналық мысықтардың нейрондарының ядросынан ерекше тығыз денешіктерді байқаған. Мұндай денешіктер еркек жынысты мысықтарда болмаған. Осындай денешіктер аналық жынысты особьтардың басқа да соматикалық клеткаларының интерфазалық ядроларында кездеседі. Осы денешіктерді жыныс хроматинінің денешіктері немесе Барр денешіктері деп атайды. Адам клеткаларында осы денешіктердің диаметрі шамамен 1 мкм.

 


Скачать