Айтмұхамбет Қасымұлы Қасымов (1950) жазушы, журналист


Айтмұхамбет Қасымұлы Қасымов (1950) жазушы, журналист

 

Жазушы, журналист Айтмұхамбет Қасымов Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аюды ауылында 1950 жылдың 29 маусымында дүниеге келді. Қазақтың мемлекеттік университетін бітірген. Шығыс Қазақстан өңіріндегі баспасөз тарихын, оның ішінде 1931 жылы шыққан «Жұмысшы» газетінен бастау алатын облыстық «Дидар» газетінің тарихын зерттеумен шұғылданып жүр.

Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы, жерлесіміз – марқакөлдік Жақыпбек Малдыбаевтың өмірін зерттеуші. Президент мұрағаты, Орталық Мемлекеттік, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, ҰҚК мұрағаттарынан жинаған деректері бойынша «Жұмысшы» газетінің тұңғыш редакторы, 1938 жылы «халық жауы» ретінде көптеген ұлт зиялыларымен бірге саяси қуғын-сүргінге ұшыраған журналист, жазушы М. Тайшыбаевтың өмірі мен шығармашылығын жайлы «Қызыл қырғынның құрбаны» атты кітап жазып шығарды. Қазіргі кезде облыстық “Дидар” газетінің редакторы.

 


Скачать