Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова


Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова

 

Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова 1929 жылы желтоқсан айының 15 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1956 жылы Ленинградтың И.Е Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірді. 1947- 1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды. 1956-57 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.1971-1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суреші. Г.Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің «Ер Тарғыны», 1967, Мұхамеджановтың «Жұмбақ қызы», 1972, Пуччинидің «Чио-Чио-Саны», 1972), балет (Тілендиев, Манаев және Степановтың «Достық жолымен» және Великановтың «Қамар сұлуы», 1958), спектакль (Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш- Баян сұлуы», 1958) және кинофильмдерге («Қыз Жібек», 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — «Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде» (1962), «Ұйғыр қыздары» (1966) картиналарының, «Халық шеберлері» триптихының (1967), Шара Жиенқұлова (1958), Шолпан Жандарбекова (1960-1961), Б.А.Төлегенова (1963-1964), Ә.Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы. 1950 жылдан киноға түскен – Тыгрена («Аласталған Алитетте»), Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957), Тана («Қыз Жібекте», 1972) т.б. «Құрмет Белгісі» ордені және медальдармен марапатталған.

 


Скачать