МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ


МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

 

Меңгеру амалы арқылы құрылатын зат есімді сөз тіркестері өлшеулі синтаксистік аяда көрінеді.Бұл сөз тіркесінде бағыныңқы компонент барыс септік формасында меңгеріліп зат пен заттың арасындағы қатыстық байланысты білдіреді.

Асқарға інімін, үйірмеге мүше, звеноға бастық, балтаға сап, арбаға оқтық т. т.

Бағыныңқы компонент болып субстантивтенген есімше жұмсалғанда да осы қатынас білдіріледі: сыйлағанға құл, келгенге рахмет, келмегенге салауат.

Беретін мағынасы жалпы қатыстық болғандықтан меңгеру амалы арқылы құрылған зат есімді тіркестер матаса құрылған тіркестермен синонимдес келіп, қатар жұмсала береді: колхозға мүше колхоздың мүшесі, сыйлағанға құл — сыйлағанның ңүлы т. т.

[23-б]

МЕҢГЕРУ АМАЛЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН СЫН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Сын есім басыңқы компонент ретінде жұмсалып сөз тіркесін кұрағанда, бағыныңкы сөз ретінде зат есім, есімдік, есімшелер қатысады. Бұл сөздер барыс, шығыс көмектес септік тұлғаларында меңгеріледі.

а) Бағыныңқы компонент зат есім барыс септік тұлғада тіркескенде, сын есімді тіркес зат пен сапаның арасындағы қатыстық байланысты білдіреді: шаруаға пысық, атқа ауыр, іске шыдамсыз, балаларға қызық.

Бұл шөп қуаңшылық пен суыққа өте төзімді, ыстыққа төзімсіз.

Бұл тіркестердің ішінде жеке сөзге, басқа күрделі құрамдағы сөз тіркестеріне синонимдес келетіндері бар:

Ажарға тәуір ажарлы, сұлу. Киім тігуге ұста киімге ұста.

Киім тігуге ұста киімге ұста деген екі вариантты салыстырудан байқалатын нәрсе, бұл функциялық қатарда «зат есім — сын» кұрамдағы тіркес — үнемділік іздеу тусында жұмсалатын сыңар.

Ажарға тәуір ажарлы, сұлу дегендерден алшақ стильдік өң тудыру үшін жұмсалады.

ә) Бағыныңқы компонент шығыс септік тұлғада меңгеріліп тіркескенде сын есімді сөз тіркесі салыстыру, салғастыру қатынасын білдіреді: желден жүйрік, ағаштан биік. Сауысқаннан сақ, жұмыртқадан ақ.

б) Бағыныңқы компонент көмектес септік тұлғадағы зат есім, басыңқы сөз сын есім болып келген сөз тіркесі екі сөздің арасындағы амалдық қатынасты білдіреді: ісімен жарасты, мінезімен сүйкімді т. т.

Бұл қатынас тек сын есімді тіркесте емес, көмектес септіктің көмегімен кұрылған тіркестердің басқа түрлерінде де кездеседі.[24-б]

 


Скачать