Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас )
| Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас )Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894 , қазіргі Жезқазған облысы , Ақадыр ауданы , « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы , — 25 . 2 . 1938) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып , « Жас қазақ » ұйымын ашты , « Тіршілік » газетін шығарысты , үш айлық педагогикалық курсқа оқытушы болды . Сәкен 1917 жылы қарашада « Кел , жігіттер » өлеңін жазып , Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды . Осы жылдың 27 желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды . 1918 жылы сәуірде « Жас қазақ марсельезасын » жазып , 1 мамырда « Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасын көрсетті . 1918 жылы 4 маусымда ақтардың көтерілісі ьолып , Ақмола Совпедшілері тұтқындалды . Атаманның « азап вагонында » 47 күн ажалмен арпалысқан Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты . Татарка – Славгород – Павлодар – Баянауыл – Сарыадыр арқылы еліне жетті . Осы жылдың желтоқсанында Әулиеата қаласына ( қазіргі Жамбыл ) келді . 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып , Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды . 1920 жылы 4 қазанда Қазақтың Советтік Автономиялық Республикасын жариялаған Советтердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып , Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды . Жер – су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті . Қарашада Москвада болып , Советтердің 8-съезіне қатысты , В . И . Лениннің ГОЭЛРО жоспары туралы жасаған баяндамасые тыңдады . 1922 жылы « Еңбекші қазақ » газетінің редакторы , халық ағарту камиссарының орынбасары болды .   	Сәкен   бұл   жылдары   қоғамдық   қызметпен   бірге   творчестволық   жұмысқа   белсене   араласты . 1922   жылы   « Асау   тұлпар »   атты   өлеңдер   жинағын  ,  « Қызыл   сұңқарлар »   пбесасын   жариялады . 1923   жылы   30   сәуірде   ұлы   көсемге   арналған   « Ленин »   атты   өлеңін   жазды . 1924   жылы   қаңтарда   В . И . Ленин   қазасына   барған   Қазақстан   делигациясына   басшылық   етті . Осы   жолы            « Қайғылы   хабар »  ,  « Қаралы   күн »   өлеңдерін   жазды  ,          « Известия »   газетінде   « В . И . Ленин   және   оянып   келе   жатқан   Күншығыс »   атты   публицистикалық   мақаласын   жариялады . 1925   жылы   7   сәуірде   Халық   ағарту   камиссарияты   жанындаға   ғылым   орталығының   председателі  ,  12   шілдеде   Қазақтың   пролетар   жазушылары   ассоцияцасының   басшысы   болып   тағайындалды . Сәкен   1926   жылы   БКП   Өлкелік   комитетінің   партия   тарихы   бөлімінің   меңгерушісі . 1927   жылы   Қызылордадағы   халық   ағарту   институтының  ,  Ташкенттегі   қазақ   педагогика   институтының   директоры   болып   жұмыс   істеді . 1927   жылы   шыққан   « Жыл   құсы »   альманахына   басшылық   етті . « Жаңа   әдебиет »   журналын   ашуға   ат   аслысты . 1922   жылдан   бастап   « Қызыл   Қазақстан »   журналында   жариялана   бастаған   « Тар   жол  ,  тайғақ  кешу »   атты   мемуарлық   шығармасын   жеке   кітап   етіп   шығарды . « Жер   қазғандар »   повесін   ( 1927 )  ,             « Тұрмыс   толқынында »   жинағын   ( 1928 )  ,  « Көкшетау »   поэмасын   ( 1929 )   бастырды . 1929   жылы   қазақтың   зиялы   азаматтарына   арнап   ауыз   әдебиеті   үлгілерін   жинау   жөнінде   жазған   « Ашық   хатын »   жариялады . Қазақтың   мемлекеттік   педагогикалық   институтының   доценті   болды . 1932   жылы   « Қазақ   әдебиеті »   атты   тұңғыш   оқулық – хрестоматия   шығарды . 1932   жылы   « Әдебиет   майданы »   журналының   редакторы  ,  1934   жылы   Қазақтың   коммунистік   журналистика   институтының   профессоры   қызметін   атқарды . 1936   жылы   қазақ   әдебиеті   мен   өнерінің   Москвада   өткен   бірінші   он   күндігіне   қатысты . Қазақ   жазушылары   ішінен   тұңғыш   рет   Еңбек   Қызыл   Ту   орденімен   наградталып  ,  шығармашылық   Скачать |