Сәбит Дөнентаев (1894-1933 жж.). Ақын


Сәбит Дөнентаев (1894-1933 жж.). Ақын

 

1894 жылы Павлодар облысы, Ақсу болысындағы қазақтың Орта жүз Арғын руынан шыққан кедей малшы Дөнентай Жаналиннің отбасында дүниеге келген. Жас кезінде ескіше хат танып, кейін Павлодарда  медреседе мұсылмандық шариғат ілімін алып шығады. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сәбит Дөнентаевтың ақын болып қалыптасуына Абай Құнанбаевтың классикалық поэзиясы, орыс мысалшысы Крылов пен татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығы игі әсер етеді. 1913 жылы тұңғыш өлеңі «Қиялым» «Айқап» журналында басылады. Сондай-ақ Уфа қаласында жыр жинақтары да шыққан. 1916 жылы қазақтарды тыл жұмысына алу жөніндегі патша жарлығына орай Прибалтика маңайындағы Ригада окоп қазу жұмысына жіберіледі. 1917 жылы ақпан төңкерісіне байланысты жұмыстан қайтып, еліне оралады. Оралысымен Семейде Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов сияқты алаш азаматтары оқыған мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.  Семейде ол уақытта алаштың игілері бас қосып жатқан  болатын. Бұл қозғалысқа С. Дөнентаев та қосылып, қоғам қайраткері  ретінде көзге түседі. Қазан төңкерісінен кейін төңкерісті жақтап, өз өлеңдерінде жаңа өмірді насихаттап, ауыл адамдарының өмірі түпкілікті түрде  өзгеретіндігіне үміт артады

Ауыл мектептерінде мұғалім бола жүріп, халық ағарту ісіне мол үлес қосқан. Баянауылдағы партия жұмысына белсене араласады Сол жақта халық соты болып жұмыс істейді. 1923 жылдан Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде жұмыс атқарды. Өлеңдері мен мақалалары осы газетте басылады. 1929 жылы Қазақ пролетар жазушыларының  ассоциациясына мүшелікке өтеді. Ақын қаламынан шыққан  «Әйел теңдігін қалай түсіну керек», «Хат танымаған қатарға қосылмайды», «Баспасөз күшейсін», «Әуелі шаруа оңалу керек»,  т. б. мақалалары әйел теңсіздігі, ауыл тіршілігі, халықаралық саясат туралы айтылады. «Көркемтай» деген әңгімесінде жетім баланың көрген қорлығы, аянышты өмірі суреттеледі.  Жастардың білім алуының орнына  құр сенделіп, жалаң сөз қуып жүргенін  «Екеуі де дұрыс»  атты оқшау сөзінде мінеп-шенейді. Кеңестік саясатқа риза болмаған ақын өмірінің соңғы кезеңінде партия қатарынан шыққан. 1933 жылы 23 мамырда ұзаққа созылған науқастан  қайтыс болады. Семейдегі Шығыс кентіне бұрылыстағы қалың қорым зиратта жерленген.

Шығармалары:

Дөнентаев С.     Шығармалар [Мәтін] / С. Дөнентаев.- Алматы: Көркем әдебиет, 1957.- 463 б.

Ол  туралы:

Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. Т. 12. Мақалалар, оқулық, әдеби мұра.1936-1938 / М. Әуезов ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, «Әуезов Үйі» ғылыми-мәдени орталығы.- Алматы: Жібек жолы, 2005.- 416 б. Ергөбек Қ.  Арыстар мен ағыстар.- Астана: Таным,2003.- 360 б. Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан.- Алматы:Қазақстан, 1971.- 178б.

Жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиет:Хрестоматия.Жоғары оқу орындары студенттеріне арн.оқулық / Автор-құрастырушы Қ.Ергөбек.- Алматы:Білім, 1994.- 352б. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық.-Алматы: Мектеп, 1976.- 266 б. Қирабаев С., Мырзағалиев Қ.     «Қазақ әдебиеті» оқулығына методикалық нұсқау / Қазақ ССР Оқу министрлігі  рұқсат еткен.- Алматы: Мектеп, 1987.- 160 б.-(Мектеп мұғалімі кітапханасы) Нұғманбекова Р. Сәбит Дөнентаевтың зираты қараусыз қалыпты [Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дидар. — 2009. — 16 қазан.- Б.8.

Сыдиықұлы Қ. Өмір өрнектері [Мәтін]: таңдамалы зерттеулері / Қ. Сыдиықұлы ; Репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры.- Алматы: Арыс, 2006.- 384 б. — Т. 1. — 2006. — 384 б. Умарова Г. С. Қазақ әдебиетінің тарихы: оқулық / Г. С. Умарова, С. Ғ. Шарабасов.- Астана: Фолиант, 2007.- 244 б.-(Кәсіптік білім) ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағы / Редакциясын басқарған Ы.Т.Дүйсенбаев.- Алматы: Қазақ ССР Ғылым Академ.баспасы, 1963.- 1-25 тиын. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті: Октябрь алдындағы кезең: Хрестоматия / Құраст.: Т.Әбдірахманов, Қ.Жармағамбетов.- Өңделіп, толықтырылған 2-ші басылымы.- Алматы: Мектеп, 1983.- 327 б.: Суреттер Шәбжантайқызы М. Қазақ халқының тағдыры- поэзия тілінде.- Көкшетау, 2003.- 99б. Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы / Жалпы ред.басқарған Е.Ысмайылов.- Алматы: Мектеп, 1966.- 206 б.

 


Скачать