Ыбырай Жақаев


Ыбырай Жақаев! Қазақхалқыныңбұрынғы, қазіргі мемлекетіміздіңтарихындағы ірі, іргелі тұлғалардыңбірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтыңөлшемі.

Мен таңғаламын: Ыбекеңкүріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан ШығанақБерсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтыңосы екі қара шалының, еңбектіңпайғамбарларыныңдүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтықпа, әлде заңдылықпа? Елдің, жердің, судыңқасиеті ме, әлде ата-бабаныңаруағыныңқұдіреті ме. Бәрініңде қатысы бар сияқты мұнда. Оныңүстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарыныңдендерініңсау болып, көптеп өсіп-өнуініңсалиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаныңбаласының: “Халыққарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар.

Ал тары дақылыныңқасиеттері де ерекше. Одан сөк, талқан, жас балаға беретін жарма, көже, майсөк, жент жасайды. Майсөк қазақтыңбелгілі астарында құрметті қонағына ұсынатын қадірлі тағам.Ақтөбеліктер сөкті шайға салып ішеді. Оныңқасиеті сол, ол адамныңқарнын аштырмайды да, шөлдетпейді де. Сондықтан да ежелден оны үлкен кісілер ораза тұтқанда, таңсәріде сүтке, айранға салып, майға бұлғап жеп алады, күн батқанша былқетпейді. Қызығы сол: үлкен кісілердіңтісі бола бермейді ғой, оныңүстіне ас дұрыс қорытылуы үшін оны 25 рет шайнау керек. Ал адамныңтуғаннан бастап жаралған кемшілігі – ешкімніңде оған шыдамы жете бермейді, сондықтан олар жеген кезде бір тояды, біраз уақыт өткен соңшала шайналған сөк, бөртіп, көлемін ұлғайтып екінші рет тойдырады, сөйтіп жүргенде кеш те болады.

Бірде Сталин Қазақстан басшылары Скворцов пен Шаяхметовтен: “Сіздерде бір стратегиялықмаңызы бар дақыл өседі дейді”, — деп сұрапты. Екеуі: “Біз бірден жауап беруге дайын емеспіз, елге барып мән-жайын біліп баяндайық”, – дейді.

Алматыға келіп ғалымдармен, мамандармен, диқандармен ақылдасып ол дақылдыңтары екендігін Сталинге баяндапты. Міне, сол күннен бастап бұл дақылдыңбағы жанып, оны өсіруге мән беріліп, нәтижесінде ШығанақБерсиев дүниежүзілік рекорд жасайды. Осыныңөзі біздіңхалқымыздыңдәрежесін, мүмкіншілігін, қарым-қабілетініңартықболмаса, ешкімнен де кем еместігін көрсетіп тұрған жоқпа? Сондықтан да жақсылықты да, жаңалықты да өз елімізден, өз жерімізден, өз халқымыздан іздеуіміз керек.

Ыбекеңді айтқанда ШығанақБерсиевті, Жазылбек Қуанышбаевты, Нұрмолда Алда бергеновті бірге атағанымыз орынды ғой деп ойлаймын. Жақсы адамдар тірісінде қатарласып бірге жүргісі келеді, өлгенде де рухтарыныңбірге болғанын қалайды. Бұл төртеуі де еңбектіңпайғамбарлары. Тағдырлас, замандас олар қазақтыңбеделі мен берекесін, абыройы мен атағын арттыру үшін жаралған жандар. Халқымызға, елімізге тарихтың, уақыттың, Алланыңтартқан сыйы.

Ыбекеңмен Жазекеңніңарасындағы түсіністік, тілектестік, ілтипат, сыйластық, достықбірге туғаннан да артық, елге өнеге, үлгі боларлықекі ұлы адамныңшынайы, жарқын да жарасымды достығы еді. Кезінде ЖазекеңЫбекеңе інілік жолмен сәлем беріп те, көңілін сұрап та келетін. Ал 1981 жылы Ыбекеңтоқсанға таяп қайтыс болғанда, Жазекеңағасын соңғы сапарға шығарып салуға да келді. Ата жолымен алыстан көлігінен түсіп, жаяу “ой, бауырымдап” зор дауысымен езіліп, егіліп, жылап елдіңкөңілін босатқан еді.

ЖарықтықЫбекең: “Жылай білу де үлкен қасиет. Ол мұң, зар, үн сыртқа шықпаса, адам езілмесе, егілмесе, тазармаса, көңіл-күйі көмулі қалады да, адам баласы тебірене білмейтін қара тасқа айналады”, – деуші еді. “Москва слезам не верит” дегенмен, қазақкөз жасына қатты сенеді, сезінеді.

Ыбекеңмен Жазекеңніңүлкен достығы жөнінде Асқар Тоқмағамбетов:

“Кездесті, міне, солай екі батыр, 
Боп қалды қосылғандай екі ғасыр, 
Бірі тау, бірі теңіз секілденіп, 
Екеуі жұбын жазбай келе жатыр,” – деп шабыттана жырлайды.

Ыбекең, Шықаң, Жазекең, Нұрекең– “диқан ата”, “шопан ата”, “дала академигі” – ХХ ғасырдыңнағыз еңбек тарландары. Еліміздіңтарихында осы төрт шалдыңалар орны ерекше. Бұл қариялар – өмірдіңөзінен оқығандар, алдындағы көргенін, естігенін көкірегіне тоқығандар, осы мол мұраны кейінгілерге кемеңгерлікпен қалдырғандар. Бұл шалдар – өмірі асып-тасуды білмеген, елден асып өмір сүр­меген, дүниеніңбар кілті еңбекте ғана екенін өзінен бастап, өзгеге де ұқтырып кеткен ұлы жандар.

Еңбек майданыныңәйгілі майталманы, талдықорғандықайтулы азамат, ұлты поляк Николай Никитич Головацкий:

– Біз алты ағайындымыз, — деп марқаяды екен. 
– Бауырларыңызды атаңызшы?, — деген сауалға:

– Олар: Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев, Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев, Нұрмолда Алдабергенов, Николай Кузнецов және мен. Өйткені, біздердіңбәріміз де алды үш, арты екі мәртеден Социалистік Еңбек Ері атағын алып, омырауымызға Алтын жұлдыздарды жарқырата таққанбыз, – дейді. Міне, мақтануды мүлде білмейтін, артықсөзге әсте жоқ, тек ілкімді істіңғана адамыныңжүрекжарды ілтипаты бұл. Расында, оныңайтып тұрғаны айдай ақиқат. Қасиетті қазақжерініңосынау алыптарын өшпес даңққа бөлеген, оларды табыстырған, туыс еткен – жоғары мәртебелі құдіретті, киелі – Еңбек!

Ыбекеңкүрішшілік кәсіпке жасы елуден асқанда барып кіріскендігін көңілге бір түйіп қоялық. Жақсылықтыңерте, кеші жоқдегеносы да.

“Ол оқымаған, бірақөмірден көп тоқыған кісі. Еңбектіңкөзін тауып, байлықтыңөзін тапқан қайраткер. Еңбегімен өмірге өрнек салып, еңбегімен поэма жазған адам”, дейді Асқар Тоқмағамбетов.

Ыбекеңтөккен әрбір тамшы тер өзіне, еліне, халқына бақыт пен береке, абырой мен атақ, өнеге, дәстүр, ырыс болды, нан болды, ән болды, тіптен тарихтыңөшпес беттері болды деуге әбден сияды. Диқан бабаныңтұла бойы тұнып тұрған жақсылық, қасиет. Олай дейтінім, бір Ыбекеңніңөзі еңбек адамыныңқаншалықты құдіреттілігін, мүмкіншілігініңмол екенін көрсетті.

Ыбырай Жақаев – дән патшасы, ақкүріштіңатасы, ол өзініңөшпес тарихын кетпенмен, термен жазған, бірнеше ғасырда дүниеге бір-ақкелетін адам.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістен кейінгі үш жыл қатарынан Ыбекеңәлем жұртшылығыныңеріксіз таңдайын қаққызды. 1945 жылы күріштіңәр гектарынан 156 центнерден, 1946 жылы 160, 1947 жылы 171 центнерден өнім жинап, дүниежүзілік рекорд жасады.

Қазақтыңқара шалыныңдалалықдана ақыл ойымен, бойындағы Алланыңаманаты мен сыйы – жойқын күш жігерімен, киелі, күректей қолымен, кәрі бәйтеректіңжер бетіне шығып кеткен тамырындай салалы саусақтарымен қара жерді қарс айырып жасаған бұл рекорды бүкіл әлемді таңдандырды, таңғалдырды. Бұл рекорд өркениетке, озықтехнологияға, білімге, ғылымға бізден әлдеқайда бұрын жеткен жапондықтардыңжағасын ұстатты, кәрістерді қайран қалдырды.

Асқар Тоқмағамбетов:

“Отыр, міне, ортамызда, секілді бір, 
тау биігі Гималай. 
Рекорд жасап, бар әлемге аты шыққан, 
Ер Жақаев Ыбырай”, – деп жырлайды.

...Олар сенбеді. Кеңес Одағындағы бұл құбылысқа сенімсіздікпен қарады. Тексеру де тексеру, комиссия да комиссия. Ал Ыбекең: “Басымды қатырып, мені кеңсеге неге шақыра бересіңдер түге. Жер әне, су әне, өнім әне, тексере беріңдер. Ал мен Айманкүлдіңдауысын, Нартайдыңәнін сағындым”, деп көрші ауылға кете барды. Нартайы – Нартай, ал Айманкүлі айтулы ақын Әбділда Тәжібаевтыңанасы.

1957 жылы 65 жастағы Ыбырай Жақаевты колхозшылар сыртынан құжат толтырып, жоғары жақпен келісіп, зорлап колхозға төраға етіп сайлайды. Ыбекеңбарынша қарсылықбілдіреді, бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Ақырында Алматыға дейін барып, бастықтықтан әреңқұтылады.

Жазмыштан озмыш жоқ, озудыңда тіптен қажеті жоқ.... Ыбекеңсом денелі, әр саусағы қамшыныңсабындай, қорғасыннан құйылғандай өте қарулы кісі болатын. Жастау кезінде күрестерге қатысып, белдескенін жыққан, жауырыны жерге тимеген кісі. “Ыбырай жүгіргенде жер дүрсілдейді”, – дейді екен әкесі.

Ыбекеңсабырлы, салмақты, ұстамды, ашудыңемес, ақылдың, даудыңемес, мәмленіңадамы еді. Сөзге сараң, билік айтуға таласпайтын, көп көріп, көңілге түйгені мол болса да ақылгөйсінбейтін, сыр аша, сыр шаша бермейтін тұйық, жұмбақтұлға-тын. Сөздіңемес, істіңадамы болатын. Диқан баба бұл кісі жөнінде қалам тартпаған, пікір айтпаған сол замандағы қазақзиялысы кемде кем. Соныңбірі,бірегейі Әбділда Тәжібаев.

Ағатай! 
Кешегі көшпелі қазақбаласы ең 
үстінде туған ырғала басқан түйенің. 
Бүкіл дүниеге даңқы тараған

Диқан атамсың, 
Сүйенерімсің, сүйерім. 
Топырақтың, судың, жарықтың 
Сырына қанықкиелім. 
Мен бүгін сексенге келген тойыңда 
Аққырау басқан, 
Аздап шаршаған басымды 
Алдыңа келіп иемін. 
Өзіңмен бірге мерейі асты елдіңде, 
Қуанттыңжұртты мен қазақпын деп келдіңде, 
Мандаттарымныңқадірі өтпес жерлерде, 
Өте беремін мен Жақаевпын деймін де,– деп жырлады.

Қазақәдебиетініңклассигі Сәбит Мұқанов өзінің“Сырдария” романын жазу үстінде Ыбырай Жақаевтыңүйінде айдан астам жатып, атақты шығармасыныңбас кейіпкері ретінде дала академигініңмінез-құлқын, бітім-болмысын, өмір салтын зерделей зерттеген. Екеуініңарасында айтылмаған сыр, шертілмеген әңгіме қалмаған. Ақыр соңында әдебиет алыбы мен даңғайыр диқан сыйлас, қимас дос болып кеткен.

Ыбырай Жақаевтыңдала академигі деген теңеуініңөмірге келуіне бірден-бір себепкер болған да осы Сәбең.

Диқан ата үлкен жиындарға жиі қатысып, ұзақотыруға әбден үйренген. Шыдамдылығы соншалықты, жиын президиумдарында күн ұзақтапжылмай, қимылсыз отыратын-ды. “Тек көзін жыпылықтатқанынан ғана тірі адам дерсің, немесе құдды тас мүсін еді ғой”, – дейтін білетін кісілер. Өзініңбір басынан асып-төгіліп жатқан атақ-даңқты жеке басына пайдаланған жан емес, қарапайым ел қатарлы өмір сүрді. Ол кісініңқарапайымдылығы мен кеңпейілділігін замандастары былай сипаттайтын еді. Халықта: “Пейілі тар адамныңішіне қыл симайды деген сөз бар. Ал біздіңЫбекеңніңкеңпейілділігі сонша, ішінен ат ер-тұрманымен айналады”, дейтін. Ыбекеңерте көктемде егіс басына көшіп барып, күзде күрішін жиып-теріп, елге бір-аққайтатын.

Егістік маңайынан шықпайтын. Күріштік Ыбекеңүшін бұл дүниеніңпейіші-тін. Жерді өзі таңдайды, арық, атыздарын өзі белгілейді, өзі қаздырады, өзі соқтырады. Өзі мұрап, өзі агроном, бәрін біледі, оқымай тоқыған. Жердіңтұздылығын тілімен анықтайды. Бір өзі – бір лаборатория. Күрішті қолмен сеуіп, су жіберер кезде бірер қап дәнді құлақтардыңсағасына тастайды, атыздағы күрішпен бірге ол да бөртіп, өсіп жатады. Кейін оны күріш көшкен, сирек шыққан жерлерге, атыз жиектеріне қолдап себетін.




Скачать