Қабдеш Жұмаділов


Қабдеш Жұмаділов

 

Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері • 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді. • 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды. • 1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті. • 1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды. • 1954-жыл. Үрімжіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді. • 1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды. • 1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыды. • 1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады. • 1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды. • 1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты. • 1965-жыл. Өзімен тағдырлас Сәуле Әукенқызына үйленді. • 1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді. • 1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды. • 1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды. • 1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті. • 1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді. • 1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты. • 1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. • 1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті. • 1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді. Шығармалары 1. «Жас дәурен». Өлеңдер жинағы: «Жазушы».— Алматы, 1966. 2. «Қаздар қайтып барады». Әңгімелер жинағы: «Жазушы», 1968. 3. «Көкейкесті». Роман. «Жазушы», 1969. 4. «Зов» — «Көкейкесті» романының орысшасы: «Жазушы», 1972. 5. «Соңғы көш». Роман, І-кітап: «Жазушы», 1974. 6. «Бақыт жолында». Роман, әңгімелер: «Жазушы», 1976. 7. «Саржайлау». Повестъ, әңгімелер: «Жазушы», 1978. 8. «Последнее кочевье» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Орыс тілінде: «Жазушы», 1980. 9. «Соңғы көш». Роман-дилогияның екінші кітабы: «Жазушы», 1981. 10. «Шарайна». Роман. повесть, әңгімелер: «Жалын», 1982. 11. «Көштен соңыра» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Түрік тілінде: Стамбул, 1983. 12. «Сәйгүліктер». Повестер топтамасы. «Жазушы», 1984. 13. «Атамекен». Роман. «Жалын», 1985. 14. «Тағдыр». Роман. «Жазушы», 1988. 15. «Екі томдық таңдамалы шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989. 16. «Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992. 17. «Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994. 18. «Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша аудармасы; «Жалын», 1996. 19. «Дарабоз». Тарихи романның екінші кітабы: «Жазушы», 1996. 20. «Соңғы көш». Роман-дилогиясы көп жылдан кейін бірінші рет қайта басылды: «Жазушы», 1998. 21. «Дарабоз». Тарихи роман-дилогия. Орыс тілінде: «Сөздік», 1999. 22. «Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999. 23. «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999. Пайдаланылған әдебиет • Жұмаділов Қ. К. Таңғажайып дүние: ғұмырнамалық роман. — Алматы: Тамыр, 1999. — 624 бет.

 


Скачать