Қадырғали би Жалайыри және Қасым хандығы


Қадырғали би Жалайыри және Қасым хандығы

 

Қазақтардың өзімен өзі болып, өзін танып болудағы ерекше орын алатын тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі егемендігін алған Қазақстан Республикасы үшін мәдениет саласыдағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Тарихи жад қайталанбас мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау және оны көбейту түрлі өркен ұрпақтарын біріктіретін байланыстырушы жіп болып саналады. Ол мәдени мұраның ең бір маңызды құрамдас бөлігінің бірі ретінде қажетті әлеуметтік функция атқарады, ұлтжандылық сезімін, идеялық-ізгіліктік және эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың, ғылымның, білім мен мәдениеттің даму мақсаттарына қызмет етеді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын одан әрі іске асыру қажеттілігі туралы міндет қойылған. Бұл бағдарламаның іске асырылуы өткенді саралап санаға сіңдіру арқылы бүгінгі мәдениетті дамытуға, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Бағдарлама шеңберінде құнды құжаттар мен қолжазбаларды ғана емес, сонымен қатар олардың мұражайлық экспонаттарын, мұрағаттық материалдар мен ескерткіштерді тауып, ұрпақтарға қайтаруға үлкен мән берілген. Осы тұрғыда ұлттық кітапханалық раритеттерді іздеп табу, оларды танып білу, сондай-ақ басқа елдер аумағында жатқан кітаптар мен көне қолжазбаларды зегттеу жөнінде Орталық құру болашақ ұрпақ үшін ежелгі қолжазбаларды, кітаптар мен басқа да құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді. Одан басқа түркітілдес халықтардың көркем, ғылыми және танымдық әдебиеттерінің ортақ бірыңғай қорын құру да күн тәртібінде тұрған мәселе. Оны іске асыру арқылы түрік әлемінің ашылмаған ақтаңдақтарын ашамыз. Осы тұрғыдан алғанда Махмуд Қашғаридің «Диван лұғат әт-түрік» трактатының тұңғыш рет орыс тіліне аударылған аудармасының 2006 жылы Мұхтар Әуезов мұражайында өткен тұсаукесері бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі түріктілдес халықтар үшін теңдесі жоқ маңызды оқиға болып отырғандығын атап өтуге болады. Жоғарыда аталған Бағдарлама шеңберінде Әл-Фараби, Жүсіп Баласұғын, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат, Қадырғали бек Жалаиыр, Хисамуддин мұраларын іздеп, табу үшін Дели, Сринагар, Каир, Мәскеу, Қазан, Рязан, Ташкент, Дамаск және басқа қалалардағы кітапханалар мен мұрағаттарға ғылыми-зерттеу экспедицияларын аттандыру қарастырылған. Атап айтсақ, 1999 жылы 22-30 мамырда қазақ делегациясы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың жерленген жері Үндістандағы Кашмир штатының астанасы Сринагарға сапар шегіп, оның «Мазари-и Салатин» (Патшалар зираты) деп аталатын қорымының басына барып, тәу етіп қайтты. Ол жердің топырағын әкеліп, Қазақстанның Тараз қаласындағы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатқа арнап ашылған ескерткіш түбіне қойды. Мырза Мұхамед Хайдар Дулатқа арнап 1551 жылы орнатылған құлыптастан бөлек 1822 жылы ағылшын дәрігері У.Моркрофтың (1770-1822) бұйрығымен қойылған екінші құлпытаста парсы тілінде жазылған он сегіз жол жазу бар. Кашмирліктер зиратқа ұқыппен қарайтындықтарын көрсете білді. М.М.Хайдар Дулаттың парсы тілінде жазған «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі 1895 жылы Лондонда Д.Росстың аудармасымен ағылшын тілінде жарияланған. Кейін ол араб және орыс тілдеріне аударылған. Қазақ тіліне тұңғыш рет 2004 жылы аударылып кітап болып шықты. Сонымен қатар М.М.Хайдар Дулаттың шағатай тілінде жазған «Жаһаннама» поэмасы қазақ тіліне аударылуда. Бұл жерде айта кеткен жөн, ағылшын тілінде Мырза Мұхаммед Хайдардың Дулат есіміндегі соңғы сөз «Дулат» деп берілгенмен бүгінде Қазақстанда көпшілік оны парсылар әдетімен «Дулати» деп атап жүр. Дәл осылай Қадырғали Жалаиырды да Қазақстанда көпшілік Қадырғали Жалаири деп атап келеді. Бабалар аты жөндерін осылай әртүрлі жолдармен атау кейінгі 100-500 жылдардан кейінгі ұрпақты шатастыруға өз септігін тигізетінін ескерген жөн. Тағы бір қуанарлық жайт, Түркістандағы Сығанақ қаласында өз заманында «ас-Сығанақи» атпен танымал болған, 711-шы Һиджра жылы дүниеден өткен Әл-Хусейн бин Әли бин Хажжах бин Әлидің, лақап атымен айтсақ Хисамиддиннің (Діннің қылышы) Мысырдың ұлттық мұражайынан «Ан Нихая фи шархи-л-һидая» (дұрыс жолмен жүруді түсіндірудің соңы, 6 том – 5048 бет); «Ат-Тәсдид шарх ат-тәмхидм (кіріспені түсіндіруді дұрыс жолға салу- 133 бет)»; «Әл Кафи шарх усул әл-Имам Фарх әл Ислам Әли бин Мұхаммад әл-Бәздауи (ілімдерді жеткілікті түсіндіру – 323 бет); «Әл-Уафи шарх әл-мунтахаб фи усули-л-мәзхәб (діни ағымдағы таңдамалы ілімдерді толық түсіндіру – 235 бет)» қолжазбалар табылса, «Ан-Нажах фи-тасриф (грамматика, морфологияға байланысты)»; «Манакби Ахмед-и Ясаи (Қожа Ахмет Ясауидің өмірі туралы)» еңбектері Түркиядан табылды. Оның еңбектері Ресейдің, Өзбекстанның, Үндістанның, Ливанның және Иранның ірі кітапхана қорларында кітаптары бар екендігі жөнінде мәлімет алынып отыр. Қазақстан Каирдегі (Египет) Сұлтан Бейбарс мешітін қалпына келтіру мен Дамаскі (Сирия) қаласындағы Әл-Фараби этномәдени орталығын салуға кіріскендігін мақтанышпен айтуға болады. Каирдегі қалыпқа келтірілетін кешенге Сұлтан Захир Бейбарстың және оның баласы Сұлтан Берке-ханның бейіттері 200 мың кітап пен қолжазба сақталынатын кітап қоры бар мектеп-кітапхана кіреді. Египет мешітті қалыпқа келтірудің 2 кезеңін аяқтады. Енді күмбез, интерьер, іргетас, колонна, балкалар, айван және төбе шатырларын қалыпқа келтіретін 3-ші кезеңді Қазақстан іске асырады. Осы орайда Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінің көмегіне сүйеніп, 2005 жылдың 16 - 20 қазанында Ресейдің Рязань облысындағы Қасымов қаласына Қадырғали би Жалаиыр атындағы қордың ұйымдастыруымен ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедицияның сапары нәтижелі болып, айтулы тарихи оқиғаға ұласқанын атап өткіміз келеді. Құрамында ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сайлау Батыршаұлы, Д.Қонаев атындағы Университет ректоры Өмірәлі Қопабаев, ҚР Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Мақсұт Шафиғи бар экспедицияны ҚР-ның Мәскеудегі Елшілігінің бірінші хатшысы ретінде мен алып жүрдім. XVI ғасырда өмір сүріп, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дәуірдегі ата тарихын хатқа түсіріп, артына өшпестей жазба мұра қалдырған тарихшы, ғұлама бабамыз Қадырғали би Қосымұлы Жалайырдың жерленген орнын тауып, анықтау, сондай-ақ архив қорларынан оның өмір жолдарына қатысты деректер мен мағлұматтар іздеп табу экспедицияның басты мақсаты болды. Бұл орайда айта кету қажет, 2001 жылы желтоқсан айында осы мақсатпен Қадырғали Жалаиыр қорының бір топ белсенділері Қасымов қаласына барып жергілікті ғалымдармен, тұрғылықты татар мұсылмандармен байланыс құрып қайтқан болатын. Бірақ, өкінішке қарай нақты деректер таба алмай қайтқан екен. Бұл жолы аталған экспедиция мақсаттарының нәтижелі іске асуына Рязан облысының губернаторы Георгий Иванович Шипконың тапсырмасымен Рязан үкімет хатшылығының басшысы Григорий Николаевич Дедиков, Облыс экономикалық даму және сауда басқармасының бастығы Александр Григорьевич Соловьев және Қасымов қаласының басшысы Федор Иванович Проваторов жәрдемдесіп, одан басқа Рязан облысының Мәдениет және бұқаралық коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Александрович Беляковтың, Мәдени мұра объектілерін сақтау орталығының бастығы Василий Василевич Судаковтың, Рязан облысының Мемлекеттік мұрағатының директоры Татьяна Петровна Синельникованың көп көмектері тигендігін атап өткен жөн. Сапар барысында экспедиция мүшелері Рязанның мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарды зерттеп, Шыңғысхан әулеттері жөнінде зерттеуші тарих ғалымдарымен, Қасымовтағы жергілікті өлке тану мұражай қызметкерлерімен, көнекөз татар ақсақалдарымен, мешіт имамдарымен кездесіп, сұхбаттасып, Қадырғали Жалаиыр жөнінде, оның жерленген жері туралы мәліметтер жинады. Тарих зерттеушілерінің еңбектеріндегі деректерге сүйене отырып, Қасымовтағы мұсылман қорымы (зираты) Шыңғысхан әулетінің атақты ұрпақтарын жерлейтін Сарайшықтан (Қазақстан жерінде) кейінгі екінші қасиетті орын болып табылатындығына көз жетті. Ол жөнінде Қадырғали Жалаиыр өмір сүрген кезеңді зерттеп жүрген бірден-бір сирек зерттеуші ғалым, Рязань университетінің тарихшы профессоры Андрей Васильевич Беляков ғылыми негізде дәйекті ақпарат берді. Экспедиция мүшелері белгілі бір деректерге сәйкес Қадырғали Жалаиырдың қайтқанына 400 толатындығын ескере отырып, Қасымов қаласы әкімдігінің қолдауымен Старопосадтағы Мұсылман зиратына Қадырғали Жалаиыр қоры қаражаты есебінен Қ.Жалаиырға арнап салмағы жарты тонна келетін бозғылт түсті ақ тастан «құлпытас» қойды. Құлпытас бетіне Құран Кәрімнен «Бисмиллахи Ар-Рахмани Ар-Рахим» деген арабша жазылып, одан төменірек араб әрпімен және қазақша «Қадырғали би Қосымұлы Жалаири, 1530-1605. Құлпытасты қойған «Қадырғали Жалаири қоры. Қазақстан. 20.10.2005»» деген жазу жазылды. Құлпытас көптен бері қаралмай, иесіз қалған зират басында 1648 жылы салынып, бүгінге дейін қирамай жетіп, жалғыз тұрған Ауған Мұхаммед Сұлтан кесенесінің ішіне қойылды. 1649 жылы салынған Ауған Мұхаммед Сұлтан текиесінің ішінде оның әйелінің және туыстарының құлпытастары қойылған. Бұл кесенені еріне арнап кезінде Ауған Мұхаммед Сұлтанның жары Алтын ханым орнатқан екен. Ауған Мұхаммед Сұлтан XVII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Хиуа ханы Араб Мұхаммед ханның баласы. Бір дерекке қарасаң, 1621 жылдары Хиуада таққа таласу тартысында араб Мұхаммед хан жеңіліп, басына ауыр күн туады. 11 жасар Ауған Сұлтанды орыс елшісіне аманатқа береді. Екінші бір деректе әкесінің орны, таққа талас басталғанда ағасы тарапынан оның көзін жою қаупі төнгендігін пайдаланған орыстар жасырын алып кетіп, Касымовқа әкеледі. Жергілікті жердің татарлары Ауған Мұхаммед Сұлтанның кесенесін «текие» деп атайды, бірақ оның этимологиялық шығу тегін олар түсіндіре алмады. Кесененің ішіне кіріп, жоғары қарағанымызда ол Орта Азиялықтардың бүгінге дейін киетін «тақиясына» ұқсайтынын көрдік. Экспедиция мүшелерін мұндай шешім қабылдауға итермелеген көне зираттың ұзақ жылдар бойы қараусыз қалып, бейшара хәлі 



Скачать